Меню

Страницы

Статья

Ауыл тұрғандар назарына

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 22  мамырдың
№ 37 қаулысына
23-қосымша

Еңбек ұжымындағы (кеңселер) эпидемияға
қарсы режим алгоритмі

Объектіге кіру рұқсаты:
- кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау (өткізу пункті);
- ауру белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
- кіреберісте, холлдарда, лифтілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату.
Жұмыс процесін ұйымдастыру:
- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты тұлғаны анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
- қызметтік автобуста/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру;
- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептика) қамтамасыз ету;
- қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
- қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен 1 метрден кем емес қашықтықта болатын жағдайларды қамтамасыз ету (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);
- жұмыс орындарын антисептиктермен қамтамасыз ету;
- қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу.

Аумақты және үй-жайларды күтіп ұстау:
Объектілердің аумағы мен барлық үй-жайлар таза ұсталуы, күн сайын қоқыс пен ластан тазартылуы тиіс.
Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі және желдетіледі.
СОVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезеңде асханалар, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.
Жиһазды, терезенің алдын, шкафтарды, есіктің тұтқаларын, компьютерлердің клавиатураларын (жиі жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүрту қажет.
Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді.
Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі ішінде сақталады.
Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Беткейлерді дезинфекциялау үшін кейіннен жабатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарата отырып, бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар және т. б.) пайдалану керек.
Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізуі қажет.
Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
Жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Официальная страница на фейсбуге акимата Сырымского района
Официальная страница в инстаграме

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы