Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің әкіміне мына тұлғалар кандидат болып тіркелді:
- Айткалиев Тимур Саламатович 1982 жылы туылған, Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жымпиты ауылы, Ж.Молдагалиев көшесі № 18/2 үйдің тұрғыны.
- Куанаев Алмаз Абдрахманович 1987 жылы туылған, Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы. Жымпиты ауылы, Шоқанов көшесі № 29 үйдің тұрғыны.
- Нурмуханов Айболат Сахтаганович 1989 жылы туылған, Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Жымпиты ауылы, Абилхайрхан көшесі № 24 үйдің тұрғыны.
Сырым аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ө.Уашев