СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылғы 16 маусым
Жетікөл ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жетікөл ауылдық округінің өкілеттік мерзімі тоқтатылған әкімінің орнына сайлау өткізу 2020 жылдың 16 маусымына тағайындалсын.
Жетікөл ауылдық округінің өкілеттік мерзімі тоқтатылған әкімнің орнына сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Сырым аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы Ө.Уашев