Баршаңызға белгілі елімізде төтенше жағдай режимі алынғанымен карантндік шектеулер жалғаса берген болатын. Карантиндік шаралар кезінде халықтың да жайбарақат жүріп тұруы жиілеп кетті. Бұл жайбарақаттықтың түбі жақсылыққа апарамайтыны бесенеден белгілі болатын. Өкінішке орай біздің ауданымыздан да коронавирус індетінің екі ошағы табылды. Табылған күннен бастап науқастар жедел ауруханаға жеткізіліп, байланыста болғандар үй жағдайында оқшауланды. Науқастар шыққан үйлер карантинге алынып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауданымыздағы санитарлық эпидемиялогиялық ахуалға байланысты ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23 мамырдан бастап ауданға карантин жариялау туралы қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес Жымпиты ауылында екі жерге блок-бекет қойылып, аудан тұрғындарының себепсіз ауданнан кіріп шығуына тиым салынды.
Қадірменді жерлестер!
Ауру ойнайтын немесе күлетін нәрсе емес. Сондықтан баршамыз тәртіпке бағынып, көшеге себепсіз және қорғаныс бетпердесіз шығуға, отбасылық дәстүрлерге жататын жиындарды қатаң түрде шектеуіміз керек.
Керісінше үйде отырып, науқас тұрғындарымыздың тезірек жазылуын тілеп, күндіз түні дерттің ортасында еңбек етіп жүрген жандарға қолдау көрсетейік.