Меню

Страницы

Статья

Сырым ауданы, Алғабас ауылының тұрғыны Талғат Жұмазов ауласында жер қазып жүріп, адамның бас сүйегін тауып алған

Сырым ауданы, Алғабас ауылының тұрғыны Талғат Жұмазов ауласында жер қазып жүріп, адамның бас сүйегін тауып алған. Лезде округ әкімі мен жергілікті учаскелік полиция инспекторына хабар берген.
Ол жерде тек бас сүйек жатқан жоқ екен. Артынша, қылыш пен 5 жебенің ұшы шыққан. Қылышты тот басыпты, ал жебенің ұштары көгерген. Соған қарағанда, садақтың оғы мыстан соғылған болуы мүмкін. Ұштардың 4 – еуінде жебенің тұқылы бар.
Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменовтың айтуынша, бас сүйек ақ матаға оралып, ауыл маңындағы зиратқа көміліпті.
Бұл жәдігерлердің нақты қай ғасырға тиесілі екені белгісіз. Бірақ, жер астынан шыққан қарулар Сырым топырағының батырлардың мекені екенін тағы бір дәлелдейді. Датұлының даңқы мен айбаты салтанат құрған - Сырым шыққан төбе тарихи орыны Алғабас ауылынан тап бір алыс емес. Семсер мен садақ оғы Сырымның сардарларының біріне тиесілі емес пе? Әлде бұл жебелер ХХІ ғасырға сарматтар дәуірінен ұшып келді ме екен?

Дата публикации
12 мая 2020
Дата обновления
12 мая 2020
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Официальная страница на фейсбуге акимата Сырымского района
Официальная страница в инстаграме

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы