Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Қаулы

№1.30/3

14 қаңтар 2026 жыл

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына,         113-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 22 ақпанына тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2026 жылдың 22 ақпанына тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Комиссия төрағасы                                       М.Хасанов

 Комиссия хатшысы                                      Г.Кадирова

Дата публикации
14 января 2026