БҰЛДЫРТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 7 қыркүйегінде Сырым ауданы Бұлдырты сайлау округі бойынша Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1343 азамат енгізілді, оның – 502-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Барлығына қарсы» -8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бисенгалиев А.Т. -152 (31,34%);
Коргамбаева З.С. - 120 (24,74%);
Уалиахметов Н.Б.- 213 (43,92%).
Бұлдырты ауылдық округінің әкімі болып Уалиахметов Нұрлыбек Бекболатұлы сайланды, 1997 жылы туған, Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды,
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.