САРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамыр күні Сарой ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 20 мамырдағы №1.30/48 шешімімен Сарой ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Мырзагалиев Нурбек Жолдыбаевич Сарой ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1989 жылы туған, Сарой ауылдық округінің ветеринариялық пункті меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шағырлой ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.