ЖОСАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамыр күні Жосалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 20 мамырдағы №1.30/47 шешімімен Жосалы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Муса Сәкен Нұркенұлы Жосалы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді,1994 жылы туған, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.