Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі
әкімінің сайлауын 2021 жылғы 28 қарашаға
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2 – 3- тармақтарына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 28қарашаға тағайындалсын.
- 2021 жылғы 28қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Аталған ауылдық округінің әкімі Сырым ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Бұлдыртыауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
- 5. Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне, Сырым аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ө.Уашев