ҚОСОБА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2023 жылғы 2 шілде күні Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 4 шілдедегі №1.3/39 шешімімен Қособа ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Жайманов Беймбет Есетович, 1969 жылы туған, Қособа ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жырақұдық ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынды.
Ж.Батырниязов,
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы