Сырым аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 46-бабы 3 тармағы, 1)-тармақшасына және 112-бабы 1-тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №1.30/116 шешімімен Сырым аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайланған №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып тіркелді:
Байдашев Ернар Болатович, 1980 жылы туған, «Бекжан» шаруа қожалығының жетекшісі, Сырым ауданы Шағырлой ауылы.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы