ЖЫМПИТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 1 желтоқсанында Сырым ауданы Жымпиты сайлау округі бойынша Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Жымпитыауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4504 азамат енгізілді, оның – 1352 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 44, «Барлығына қарсы» - 92.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аубекеров Э.А -134 (11,02%);
Кайргалиев М.Н - 846 (69,57%);
Кубиева А.Б.- 236 (19,41%).
Кайргалиев Мирам Нурмагамбетович 1985жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды, Жымпиты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.