СЫРЫМ АУДАНЫ ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

СЫРЫМ АУДАНЫ ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылдың 15 қыркүйегінде Сырым ауданы Елтай сайлау округі бойынша Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Елтай сайлау округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 204 азамат енгізілді, оның – 125 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Барлығына қарсы» -3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманшин Ж.Б. -46(36,8 %);

Байров Р.С. – 67(53,6%);

Боранкулов Е.А.- 9 (7,2%).

 

Байров Рашид Серикович 1984жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Елтай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 сентября 2024