Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 мамыры күні Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді.

СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ      

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 мамыры күні Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Мурзашев Асхат Канатович, 1986 жылы туған, Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы Жымпиты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы, 1996 жылы туған,Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы, Жымпиты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Рамазанов Айдархан Ерсайынович, 1983 жылы туған, Жетікөл мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы, Қосарал ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

 

 

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 мая 2024