Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 14наурыздағы №1.30/14 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Нургалиев Турарбек Нурболатовичті тіркеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

 

Жымпиты ауылы

04 сәуір 2024 жыл

1.30/21 шешім

 

 

 

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 14наурыздағы №1.30/14 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімі

лауазымына кандидат Нургалиев Турарбек Нурболатовичті тіркеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 8)-тармақшасына, 113-6-бабының 1-тармағына және 2024 жылғы 4 сәуірде жазған кандидат Т.Нургалиевтің өтінішіне сәйкесСырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 14 наурыздағы №1.30/14 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Нургалиев Турарбек Нурболатовичті тіркеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
  2. Әкімдікке кандидаттың және кандидаттың сенім білдірілген адамының тіркелгені туралы куәліктер қайтарылсын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі жоғары тұрған сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. Нургалиев Турарбек Нурболатович осы шешіммен таныстырылсын.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                           М.Хасанов

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2024