KIDS.ENPF.KZ САЙТЫНДАҒЫ КЕЙСТЕР БОЙЫНША СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

KIDS.ENPF.KZ САЙТЫНДАҒЫ КЕЙСТЕР БОЙЫНША СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

  1. Баланың "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелгенін қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек.

Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі.

 

2.        ЖСН енгізгенннен кейін Бағдарламаға қатысушы туралы ақпарат шықпаса не істеу керек? 

ЖСН-ның дұрыс енгізілгенін тексеру қажет.

Егер ЖСН дұрыс көрсетілсе және кәмелетке толмаған бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, бала туралы мәліметтер "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында болмауы мүмкін. Баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкіліне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жүгінуге кеңес береміз.

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін БЖЗҚ балаға нысаналы талаптар мен инвестициялық кірісті 2025 жылғы ақпанда  өткізіп алған кезеңді ескере отырып, толық көлемде есептейді.

  1. Егер балаға нысаналы талаптар есептелген, бірақ нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) болмаса ше?

Нысаналы жинақтау шоты бала кәмелетке толған жылы ашылады. Бұған дейін тек нысаналы талаптар есептелетін болады.

БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл мен бір жылдағы нысаналы талаптардың сомасы көрсетілген ақпарат көрінеді. Нысаналы талаптарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі. Сондай-ақ, мәлімет үшін ағымдағы күнге ҚРҰБ бағамы бойынша ұлттық валюта – теңгемен жасалған есеп те ұсынылады.

Маңызды!!! Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс оларға пайдалану құқығынсыз есептелетін болады!

 

  1. Егер "Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы емес" деген ақпарат шықса не істеуге болады? 

 

Егер ЖСН-ы көрсетілген жеке тұлға "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болып табылмаса, демек, ол Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.

ЖТ МДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.

ЖТ МДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін БЖЗҚ осы жеке тұлғаны Нысаналы талаптарға қатысушылардың және (немесе) Нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне өткізілген кезеңді ескере отырып, 2025 жылғы ақпаннан бастап енгізеді.

 

  1. Егер Нысаналы талаптарға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған (азаматтығынан шыққан) болса, БЖЗҚ-да қандай ақпарат көрсетіледі?

 

Егер ЖСН көрсетілген жеке тұлға ҚР азаматы болып табылмаса, демек, оның ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарға құқығы жоқ.

 

  1. Егер нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған болса, БЖЗҚ-да қандай ақпарат көрсетіледі?

Егер көрсетілген ЖСН бойынша БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған болса, онда бұл шотқа нысаналы жинақтар да есептелген.

18 жасқа толғаннан кейін алушы оларды уәкілетті операторға жүгіну арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін пайдалана алады. 

Алушы өзінің нысаналы жинақтау шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ интернет-ресурсындағы Жеке кабинеті арқылы ала алады.

 

  1. Егер нысаналы талаптар есептелген, нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылмаған және Мемлекеттік дерекқордағы өмірлік мәртебесі – "қайтыс болған" деп көрсетілген жағдайда қандай іс-қимыл жасау керек?

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Нысаналы талаптарға қатысушының қайтыс болғандығы туралы мәліметтер болған жағдайда, қайтыс болған адамның мұрагеріне (мұрагерлеріне) БЖЗҚ-ға нысаналы жинақ төлемін алу үшін келесі жылы, яғни олар нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін (2025 жылғы 1 ақпаннан бастап) жүгінуге кеңес береміз. 

Нысаналы жинақтар төлемін ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған.

 

  1. Егер нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған және Мемлекеттік дерекқордағы өмірлік мәртебесі – "қайтыс болған" деп көрсетілген жағдайда не істеуге болады?

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған жағдайда, қайтыс болған адамның мұрагеріне (мұрагерлеріне) нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуді ұсынамыз.

Нысаналы жинақтар төлемін ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған.

 

  1. Егер 2006 жылдың 01 қаңтарына дейін туылған азаматтың ЖСН-ы болса ше?

ЖСН-ы көрсетілген мұндай жеке тұлға Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған азаматтары ғана қатысады.

 

  1. Егер 2024 жылы туылған баланың ЖСН-ы болса ше?

Бала 2024 жылы туылғандықтан, Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне әлі енгізілмеген.

Тиісінше, бала 2024 жылдан бастап бағдарламаға қатысады. Оған нысаналы талаптар 2025 жылғы ақпанда есептелетін болады.

 

  1. Егер 2024 жылдың 01 қаңтарына дейін туылған баланың ЖСН-ы бар, бірақ ЖСН және/немесе құжаттары тек 2024 жылы алынған болса ше?

Бала бағдарламаға қатыса алады. Себебі, ол туралы ақпарат "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында 2024 жылы өзектендірілгендіктен, нысаналы талаптар/нысаналы жинақтар оған 2025 жылғы ақпанда өткізіп алған кезеңді ескере отырып, толық көлемде есептелетін болады.

 

Дата публикации
05 февраля 2024