Баршаңызды жаңа әсер, жаңа табыс, жаңа жетістік сыйлайтын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызды жаңа әсер, жаңа табыс, жаңа жетістік сыйлайтын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2023 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады. Бұл жылы Қазақстанның экономикасы жоғарылап, әлемдегі бәсекеге қабілетті дамыған мемлекеттердің қатарынан орын алды.
Біздің ауданымызға да бұл жыл өзіндік жемісін берді. Осы Тәуелсіздік жылдарында аудан көлемінде зор жетістіктерге жеттік. Ауданымыздың егеменді елімізбен бірге көркейіп, дамуына әрбір азаматтың қосқан үлесі өлшеусіз.
2023 жыл бәріміздің санамызда атаулы оқиғаларымен, зор қуаныштарымен есте қалмақ. Осы орайда, ескі жылда болған барлық жақсылықтар келер жылы да өз жалғасын тапсын.
Қадірменді жерлестер!
Жаңа 2024 жылда еліміз тыныш, аспанымыз ашық, отбасыларымыз аман болғай!
Мемлекетіміздің әл-ауқатын, экономикасын, халқымыздың өмір сүру деңгейін көтеру және ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің егемендік Туының әрдайым биіктен көрінуі жолындағы еңбегіміз болашақта да табысты болып, батыл қадам басуға жетелей беретіндігіне ізгі ниетімді білдіремін.
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов
Дата публикации
03 января 2024