«Сырым ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Сырым  ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама

« 29» тамыз 2023 жыл                                                  Жымпиты  ауылы

 

Талданатын объект туралы мәлімет: «Сырым ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі(Бұдан әрі - Аппарат). Мекенжайы: БҚО,  Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көш. №8

          Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаштың 18.07.2023 жылғы № 36/1 бұйрығынын  негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:

 

  1. Кубаев Тимур Берікұлы – ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы;
  2. Калешова Жанна Төлеуғалиқызы – жалпы бөлімінің басшысы;
  3. Мухангалиева Алтынай Алтайқызы - Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі;
  4. Хайруллин Руслан Сағидоллаұлы – бас маман заңгер;
  5. Куанаев Алмаз Абдрахманұлы - жалпы бөлімінің бас инспекторы.

          Талданатын кезең: 1.08.2022 ж – 20.07.2023 ж.

Талдау кезеңі: 24 шілде 2023 жыл мен 24 тамыз 2023 ж.

Аппарат 3 бөлімнен тұрады:  ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі,  Жалпы бөлімі, Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-15, азаматтық қызметшілер саны - 11.

2023 жылғы 31 мамырындағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны - 6, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны 2022 жылы – 9 адам, 2023 жылы  - 5 адам.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы – 1 (Р.Құлтемір) , аудан әкімі орынбасары – 1 (А.Шергалиев),  Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы – 1 (А.Мухангалиева), бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инпекторы – 1 (А.Ганиева), бас маман заңгер – 1 (Р.Хайруллин), жалпы бөлімінің бас маманы – 1 (А.Әленова), жалпы бөлімінің басшысы – 1 (Ж.Калешова), барлығы  7 адам бос лауазымдарына  тағайындалды.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Аппарат қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Аппарат қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Аппаратта коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Талдау жүргізу барысында әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Сырым ауданы әкімі аппаратымен 3 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Олар «Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру», «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» және «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру».

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Сырым ауданы әкімі аппаратымен көрсетілетін  барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензирования» АЖ арқылы түседі. Өтініштер электронды форматта түсуіне байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Себебі қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей қарым қатынас жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Аппаратпен мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау жүргізіледі. Ішкі бақылау аудан әкімі аппараты басшысымен бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіледі.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппараттың 2022 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 169 893  000  теңге қарастырылды, игерілгені 169 874 075 теңге немесе 100% құрады. Игерілмегені 18,9 мың  теңге құрады.

Аппараттың 2023 жылғы жарты жылдығында бекітілген жоспарына сәйкес 194705000 теңге қарастырылды, игерілгені 91604449,28 теңге.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде Аппаратқа барлығы  жеке және заңды тұлғалардан  барлығы 556 өтініш түскен. Соның ішінде: Арыздар– 69, шағымдар-22, Ұсыныстар – 15, Басқа – 450.

          Талданып отырған кезеңде 2023 жылдың жарты жылдығында аппараттың жалпы сомасы 50073731,50 тиынға   мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) Ашық конкурс 17 400 000 теңге сомасына;

         2) Баға ұсыныстарын сұрау 12698129,11 теңге сомасына;

         3) Электрондық дүкен -  5798123,99 теңге сомасына.

          4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 2995497,44 теңге сомасына.

           5) тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу- 9986958,15 теңге сомасына.

           6) конкурстың екінші кезеңі негіздемесін келісімді пайдалана отырып- 1195022,81 теңге сомасына.

2022 жылы  ішінде Аппараттың жалпы сомасы 42 670 932,83  тиынға   мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) Ашық конкурс 12147403,68 теңге сомасына;

         2) Баға ұсыныстарын сұрау 13 685 215,92 теңге сомасына;

         3) Электрондық дүкен -  59610,5теңге сомасына.

          4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 16 778 702,73 теңге сомасына.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Аппарат өз қызметінде «Сырым ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

         Талдау кезеңінде Аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Сырым ауданы әкімі аппаратымен ӘРПК-нің талаптарын және құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін бұзу фактілері анықталды.  

          Мәселен, 2023 жылғы 31 наурыздағы №ЖТ-2023-00535570 С.Федянинның көп балалы ретінде  күміс алқамен наградтау туралы арызы сұрау салу түрінде тіркелген. Осыған ұқсас 18 арызды оңайтылған әкімшілік рәсім тәртібімен тіркеліп, оңайтылған әкімшілік рәсімнің ерекшеліктерімен жауаптар жолдағаны анықталған.

           Сонымен қатар Жымпиты ауыл тұрғыны М.Кужахметовтын 2023 жылғы 18 шілдедегі №ЖТ-2023-01322380 жолданымын қарау өкілеттігіне кірмейтін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  жолданып, ҚР ӘРПК-нің 65-баптарының талаптары бұзылғаны анықталды.

           Сөйтіп, Сырым ауданы әкімі аппараты қызметкерлері өтініштерді қарау барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергі туғызу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген.

Ұсыным: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Сырым ауданы әкімі аппараты қызметкерлеріне алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген фактілерге жол бермеу мақсатында Батыс Қазақстан облыс әкімі аппараты қызметкерлерімен және Қазақстан Реуспбликасы Бас Пркуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке  алу жөніңдегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы мемлекет мекемесінің жауапты қызметкерлерімен Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексін түсіндіру бойынша құқықтық оқулар өткізуді ұйымдастыру.

 

«Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 5, нақты саны- 5.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша  бос вакансиялар жоқ.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Бөлімде қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Бөлімде қызметкерлермен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Бөлімде коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Талдау кезеңінде бөлімде бос лауазымдарға орналасу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

            «Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметті көрсетеді. Бақыланатын кезеңде бұл мемлекеттік қызмет тұрақты түрде көрсетілуде, 2022 жылы алты ай ішінде 24 қызмет, 2023 жылы жеті айда 25 қызмет көрсетілген.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру.

Бөлімде 2022 жылғы айға бекітілген жоспарына сәйкес 3413281,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 3411472,3 мың теңге, немесе 99,9% құрады.       

2023 жылғы жеті айға бекітілген жоспарына сәйкес 548937,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 548919,3 мың теңге, немесе 100% құрады.

Мемлекет қаржысының тиімді және мақсатты жұмсалуына талдау жүргізіліп, нәтижесінде Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімімен (бұдан әрі-Бөлім) «Дипломмен ауылға» атты жобасы бойынша бюджет несиесін уақытылы қайтармау деректеріне жол берілгендігі анықталды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 18.02.2009 жылғы №183 қаулысымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерімен айқындалған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 06.11.2014 жылғы №72 бұйрығымен несиені беру заңдылығы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» Қағидасымен (бұдан әрі-Қағида) бекітілген.

Онда ауыл тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.

Статистика бойынша, бюджеттік несие алған 67 жас мамандарға 265 118 500 теңге берілген.

221 жас мамандар 63 210 400 теңге көтерме жәрдемақы алған.

Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің 11 -бабының 8-тармағына сәйкес, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272-бабында міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс екендігі көрсетілген.

Қағиданың 4-қосымша нысанына сәйкес, шарттың 1.2 Алушы өзіне жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алу кезінде ауылдық елді мекенінде орналасқан (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік цамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімініц аппараты) ұйымында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндеттемелер қабылдайтындығы нақты көрсетілген.

Бүгінде бюджеттік несие алған 4 жас маман 10 512 961 теңге үш жыл жұмыс атқармай шарттың талабын бұзған.

Атап айтсақ, Сырым ауданы Балдырған-балабақшасында тәрбеші болып қызмет атқарып жүріп, 16.09.2020ж.ж. бюджеттік несие алған бұрынғы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арасында, бүгінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен, Жубандыкова Айкөркем Чапайқызы үш жақты үлгі келісім (бұдан әрі-келісім) жасаған.

Бүгінде, А.Ч. Жубандыкова шартты бұзғаны яғни ауданда үш жыл жұмыс атқармай, өз бастамасымен жұмыстан шығып, мемлекетке 3 539 989 теңгені толық қайтармаған.

Осы тектес, бюджеттік несие алған М.Н. Кеңесов 3 018 487 теңге, Н.Уразгалиева 1 167 518 теңге, Э.А. Федянина 2 789 967 теңге мемлекетке қайтарылмаған.

Бұдан бөлек, қадағалау ауданы бойынша келсімнің мәні бойынша алушы өзіне жоғарғы көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алу кезінде ауылдық елді мекенінде орналасқан ұйымында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндеттемелер қабылдайды.

Осы келсімнің 3-тармағының 2-тармақшасының талабы бойынша үш жыл мерзім өткенге дейін, өндірістік жағдайларға немесе әкімшліктің бастамасына байланысты басқа елді мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар деп көрсетілген.

Дегенмен, 06.05.2021ж.ж. көтерме жәрдемақы алған жас маман Г.Ниязова 291700 теңге келсім бойынша үш жыл жұмыс атқармай жұмыстан босатылғандықтан берілген қаржы бүгінге дейін қайтарылмаған.

Осыған ұқсас, Н.Тулепов 176750 теңге, А.Нығметжанова 191700 теңге, Н.Уразгалиева 176 750 теңге, С.Ергалиев 291700 теңге мемлекетке қайтарылмаған.

Бүгінде келсім орындалмағандықтан мемлекетке 1 128 600 теңге шығын келтірілген.

Мемлекет қаржысы уақытылы төлем жасалмай, кешіктіріліп төлем жасау дерегі орын алуда.

Бүгінде, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен 26 жас мамандар 5 799 312 теңге мемлекет қаржысын уақытылы төлемей, берешек соммалары өсім алу дерегіне жол берілген.

Білім саласы бойынша 9, денсаулық саласы-2, спорт саласы-2, жұмыспен қамту басқа жұмыс орындары-13 жас мамандар бюджеттік несие берешектерін уақытылы төлемеген.

Осыған орай, тапсырма келсім шарттың 5.2 тармақшасына сәйкес келісім-шарттың 2.24. және 2.25 тармақтарында көрсетілген төлемді кешіктіру жағдайында Сенім білдірген өкіл (агент) әр кешіктірген күнтізбелік күн үшін төленуі керек соманың 0,1% көлемінде өсімпұл төлейді.

Демек, кешіктірілген жас мамандарынан әр кешіктірген күнтізбелік күндері үшін 0,1% көлемінде өсімпұлды мәжбүрлі түрде төлету қажет.

Мазмұндалған заңдылықты бұзушылықтар басшылық тарапынан баққілаудың болмауынан, осы салаға жауапты мамандардың заңнама талаптарын жеткілікті дәрежеде меңгермеуінен, өз міндеттеріне немқұрайлы қарауынан және бұл бағыттағы жұмыс тиімді ұйымдастырылмауынан орын алған.

Ұсыным: келтірілген шығынды бюджетке қайтару үшін шаралар қабылдауды.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

          2022 жылғы алты айда Бөлімде жалпы сомасы 5926,9 мың теңгеге 28 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) Бағалы ұсыныстарға сұраным 672,9 мың теңге сомасына 11 сатып алу;

         2) бір көзден 4185,2 мың теңге сомаға 9 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 1068,8 мың теңге сомаға 8.

       2023 жылғы жеті айда Бөлімде жалпы сомасы 5867,3 мың теңгеге 28 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

        1) негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі 728,4 мың теңге сомасына 2 сатып алу;

         2) Бағалы ұсыныстарға сұраным 662,7 мың теңге сомасына 16 сатып алу;

         3) бір көзден 4188,9 мың теңге сомаға 4 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 287,2 мың теңге сомаға 6.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Бөлімде өз қызметінде «Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

         Талдау кезеңінде бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.

           9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданып отырған кезеңде Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 1.08.2022 ж – 31.12.2022 ж. барлығы 11 өтініш келіп түсті, оның ішінде 10 өтініш жеке тұлғалардан, 1 өтініш заңды тұлғадан.

01.01.2023 ж – 20.07.2023 ж. барлығы 7 өтініш келіп түсті, барлығы жеке тұлғалардан.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық туралы;

- бюджет, қаржы және экономикалық жоспарлау бойынша;

- халықты әлеуметтік қарғау;

Талдау барысында өтініштердің жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптары берілген.

 

Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

 

  1. Персоналды басқару

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде 2022 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша штат саны/ нақты штат саны 10/10 адам,оның ішінде 5-і азаматтық қызметкер, 5-і мемлекеттік қызметкер.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны - 3, таза ауысушылық жоқ.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша жетекші маман (А.Мамбеткулова) , бас маман есепші (А.Гумарова). Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талдау жүргізілген аралықта бөлімде 2 адам өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлім қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым қатынаста емес. 2022 жылғы ІҮ тоқсанында және 2023 жылдың 1 маусымына бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне жауапты ретінде бөлімінің бас маманы  міндетін атқарушы А.Мамбеткулова бекітілген.

Мемлекеттік қызметтердің бойынша 2022 жылдың ІҮ тоқсанында 246 қызмет көрсетілді соның ішінде:

қағаз түрінде - 91,

Мемлекеттік корпорация арқылы  - 155,

электронды түрде - 0

2023 жылы:

барлығы –306,

қағаз түрінде –74

Мемлекеттік корпорация арқылы  -232,

электронды түрде -0.

  1. Рұқсат беру фунцияларын іске асыру.

Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлімге рұқсат беру, бақылау функцияларын жүзеге асыру құзіреті берілмеген.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына басқа да нормативтік – құқықтық актілерге сай бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Бөлімде ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер болған емес.

 

«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

         

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаттық саны-4, нақты саны – 4 адам.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауаупкершілікке  тартылған  мемлекеттік  қызметшілер болмады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Бөлімнің қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырган кезеңде  бөлімнің мемлекеттік  қызметшілерімен  сыбайлас жемқорлық қылмыстары  мен құқық  бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара қолданылмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде  қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Талдау жүргізу барысында әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталған жоқ.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына  байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніңдегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде барлығы 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олар:

-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

-Тұрғын үй көмегін тағайындау;

-Жергілікті  өкілді  органдардың  шешімдері  бойынша мұқтаж азаматтардың  жекелеген санаттарына  әлеуметтік  көмек тағайындау;

-Мүгедектігі бар балаларды үйде  оқытуға  жұмсалған шығындарды өтеу;

-Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек ұсыну  үшін ларға құжаттарды резімдеу;

-Мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті  гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

-Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың  арнайы құралдарымен  қамтамасыз етуге  құжаттарды ресімдеу;

-Мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық  емдеумен  қамтамасыз  етуге  құжаттарды  ресімдеу;

-Үйге күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  құжаттар ресімдеу;

-Медициналық – әлеуметтік мекемелерде (ұжымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу.

Мемлкеттік көмек көрсету сапасын айқындайтын  көрсеткіштін  бірі қызметті электрондық түрде көрсету.Бөлім бойынша  есепті мерзімде қызмет көрсетудің ақпараттық  жүйе  арқылы көрсету үлесі 2945 қызмет,яғни пайыздық  үлесі 78,3%  құрап отыр.

Жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік  қызмет көрсететін  мамандардың біліктілігін арттыру  жұмыстары  жоспарға сәйкес жүргізіледі.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы-қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімнің  2022 жылға бекітілген  жоспарына сәйкес 292 974,0 мың теңге қарастырылды,игерілгені 292 726,0 мың теңге немесе 99,9%  құрады. Игерілмегені  336,8 мың теңге құрады.

Бөлімнің 2023 жылғы І жартыжылдығына бекітілген жоспарына сәйкес  129844,0 мың тг. қарастырылды, игерілгені 129839,3 мың теңге, игерілуі 100%

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің жалпы соммасы 9651075,2 теңгеге 18 мемлекеттік сатып алу  жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

  • Ашық конкурс сатып алу бойынша 54203,5 мың теңгеге 2 шарт ;
  • Баға ұсыныстарын сұрау 547387,2 мың теңге соммасына 4 сатып алу;
  • Бір көзден 777320,33 мың теңге соммаға 3 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;
  • Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден  244859,52 мың теңге  соммаға 5 шарт;
  • Электрондық дүкен арқылы 193621,63 мың теңгеге 16 шарт;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6597000 мың теңгеге 2 шарт:
  • Негіздемелік келісімнің 2-ші кезеңі бойынша 1290886,5 мың теңгеге 2 шарт жасалды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  сатып алу туралы  Заңнамасының  талаптарына  сәйкес жүзеге асырылды.  Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалдану.

Қолданыстағы құқықтық актілерде сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім өз қызметінде «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республдикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Талдау кезеңінде Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес (бұдан әрі       -Заң) Қазақстан Республикасында    мүгедектер әлеуметтік-экономикалық және жеке басының цүцыцтары мен бостандықтарына (әлеуметтік цоргауга, оның ішінде оңалтуға, цогамга араласуга; әлеуметтік инфрацұрылым объектілеріне кіріп-шыгуын цамтамасыз етуге; ацпаратца цол жеткізуін цамтамасыз етуге; білім алуга, цызмет түрін еркін таңдауга; тегін медициналыц көмектің кепілдік берілген көлемін алуга, жұмысца орналасуга арналган цұцыцтарын цоса алганда) толығымен ие болады.

Сырым ауданы бойынша бүгінгі күнге 611 мүгедектер тіркелген, жалпы халық санының (18506 халық) 3,5% пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 01.11.2013ж. №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету» Қағидасының 24-тармағына сәйкес, инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, соның ішінде, инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі, инватаксидің тәулік бойыкүндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі көрсетілуі тиіс.

Алайда, Бөліммен мүгедектерді тасымалдаумен айналысатын мекемелердің мүгедектерге қызмет көрсету уақыты заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі түнгі уақыттағы қызмет көрсету мерзімі белгіленбегендігі анықталды.

Бұдан бөлек, жеке оңалту бағдарламасына (бұдан әрі-ЖОБ) сәйкес үйден күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметі бойынша қарау барысында біршама заң бұзушылық жасау дерегі орын алып, мүгедектердің оңалту жағдайлары сапасыз жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Заңның 4-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, оның ішінде оңалтуға бағытталғандығы айқындалған.

Осы Заңның 21-бабының, 1-тармағының, 4-тармақшасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсетуін қамтитындығы бекітілген.

Оған дәлел, қызмет алушылардқің жеке жұмыс жоспары белгіленіп, жұмыс жоспарында мүгедектерді оңалту мәселесі қаралады, Бөліммен аталған жоспар бойынша қадағалау жүргізілмегендіктен, мүгедектердің құқықтары сақталмайтындығы,          қоғамға бейімделу жұмыстары өз дәрежесінде жасалмайтындығын көрсетті.

Атап айтсақ, Бөлім меңгерушісі Д.Е.Сатанғалиева 2022 жылғы құрылған жұмыс жоспары бойынша Жымпиты ауылының тұрғыны Т.А.Мәлікке «қажеттілік туындаған кезде заңды мәні бар құжаттарды рәсімдеу үшін консультация беру белгіленген» аталған жоспары толық орындамаған себебі орындаушының қолымен расталмағандығы белгілі болды.

Осы тектес заң бұзушылықтар, жеке оңалту мәселесі бойынша мүгедектер, Г.З.Жумажанов, Е.Е.Асанов, Б.Б.Мусирова, Д.К.Жантимиров, Е.Т.Аленов, Е.М.Калымбетов, М.С.Бисенов, А.Б.Бекчурина, А.Нуршаев, А.А.Юностиева, Е.Б.Ескабулова, Г.Сихова 13 мүгедектің құқықтары бұзылғандығы белгілі болды.

Аталған мән-жайлар бойынша кінәлілерден аудан прокурорының атынан көрсету алынды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018ж. №379 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының» (әрі қарай - Қагида) 26-тармағына есепке алу құжаттары: жеке іс (жеке кәулік көшірмесі, ЖОБ, мүгедектік анықтама, жолдама, өтініш, т.бқұжаттар), мониторинг журналы, жоспарынан тұрады.

Мысалы, әлеуметтік қызметкер, жоспармен көрсетілетін қызмет сапасын растау дәптерін толтырумен ғана шектелген.

Алайда, дәптерде барған күндері көрсетілген алайда сағаттың нақты уақыттары көрсетілмеген бұл мүгедектердің құқығын шектеу болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің бір айлық жұмыс кестесі белгіленген, аталған кесте талапқа сәйкес жасалмаған яғни бекітуге лауазымды Бөлім бастығымен шығарылмаған және мөрленбеген, әлеуметтік қызметкерлердің жасаған жұмыстары кқізмет алушымен яғни мүгедекпен расталып келісім алынбай, дәптерге сәйкес өздері толтырып Бөлімге тапсырып отырғанмағандықтан мүгедектің құқығын шектелген болып табылады.

Бөлім мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін негізге алып, жеке көмекшілерге тек жұмыс күндері ғана көрсетілген қызмет үшін ақы төленіп келген.

Осылайша, мүгедектерге мереке күндері жеке қызмет көрсетілмеуінен қүқықтары шектелген.

Бұдан бөлек, аудан бойынша бүгінде 49 жеке көмекшілер тағайындалған, оның ішінде 1 жеке көмекші Бөліммен тағайындалған, қалғаны «зейнет ақы төлеу орталығымен» тіркеліп қызмет ақысы төленуде.

Аталған жеке көмекшілердің ішінде тұрақты жұмыспен қамтылған жеке көмекші тағайындалғандығы белгілі болды.

Жеке көмекшілердің жұмыс орындарын еңбек етіп, зейнет ақы аударымдары төленсе, Бөлімге ұсынылған мүгедектерге көрсетілген қызмет актілерінде де 8 сағат қызмет көрсеткенін бекітіп, соның негізінде оларға қаражат аударылып отырған.

Қарсы тексеру кезінде, 1-топтағы мүгедек Ж.Мұхамбетжанов өзінің тұрғылықты жүмыспен қамтылған туған қызын Г.Мұхамбетжанованы жеке көмекші ретінде тағайындаған.

Яғни күндізгі уақытта жұмыста жүретіндігі, бірақ әлеуметтік қызметке бүгінге дейін қаржы төленіп келгендігі анықталды.

Жұмыспен қамтылған Г.Мұхамбетжанованы жеке көмекші реттінде алынған қаражатты барлығын мемлекетке қайтаруды, және жеке көмекшіден алуды тапсырамын.

Одан әрі қарау барысында, Бөліммен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін негізге алып, жеке көмекшілерге тек жұмыс күндері ғана көрсетілген қызмет үшін ақы төленіп келген.

Осылайша, мүгедектерге демалыс және мереке күндері жеке көмекшілермен қызмет көрсетілуі шектеліп, қызмет көрсету қүқықтары сақталмаған.

Одан әрі қарау барысында жүмыс жасап жүрген 13- мүгедектің құқығы сақталмаған.

Яғни мүгедектер Б.М.Кажгалиев, Н.Т.Кенжебаев, Б.К.Искабулов, Ж.У.Танкишев, Н.С.Габсаликов, К.С.Айгожиев, Б.А.Бектенов, Б.С.Батиев, Р.Р.Рабаев, А.Г.Хамидуллин, Е.М.Губайдуллин, М.К.Шуйншкалиева, М.М.Еркингалиевтерден ҚАО ААЖ-нің деректер базасы арқылы қарау барысында міндетті зейнетақы жарналары мен ай сайынғы сақтандыру аударымдары талапқа сәйкес емес үсталып отырғандығы анықталды.

Яғни 13 мүгедектің зейнетақы жарналары мен ай сайынғы сақтандыру аударымдарын өздеріне қайтаруды жүктеймін.

Зерделеу кезіннде, Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-ААЖ) қарау кезінде мүгедектер өздеріне қажет заттарды алуға тапсырыс бере алады.

Дегенмен, Бөлім тапсырыс қабылдаушымен алынған тауардың бағасын нақты анықталмаған, яғни Бөлім шекті бағамен көрсетілген жағдайда қосымша тапсырыс беруші өзі төлейтіндігін көрсеткен.

Мысалы, 12.04.2021 жылы мүгедек А.Ж.Нугманова ЖШС «Союз Инвалидов» өзіне қажет 745 000 теңге ноутбукқа тапсырыс беріп, алайда Бөліммен наутбуктың сапасына тексеру жүргізбей шекті бағасы 853 626 теңге көлемінен аспағандықтан қаражат тиімсіз аударылған.

Осылайша, Бөлім мемлекеттен бөлінген қаражаттың игеріліміне назар аудармағандығын және тапсырыс алушыдан нарықтық бағасын нақты анықтамай оған тосқауыл қойып мүгедектерге түсіндіру жұмыстары жасалмайтындығын анықталды (зерделеу кезінде ең сапалы ноутбук 449 000 мыңды құраган).

Мүгедектердің құқықтары сақталмай ААЖ-нен бас тарту жағдайлары орын алу дерегі анықталды.

Бүгінге дейін 58 өтімдері бастарту жағдайлары орын алған, яғни мүгедектер өзіне қажет затты қабылдап кейін ол зат өнім берушіде болмайтындығын көрсетті, және сапасыз заттардын тұтынушыға керек еместігін, тұтынушыға мүгедекке өзіне қажет ететін заттардың сапасыз болуынан қабылдамағандығы анықталды.

Яғни Бөлім өнім беруші тұлғадан заттың сапасына нақты көңіл бөлмейтіндігін көрсетіп отыр. (жалған 1-ші кесте)

Одан әрі қарау кезінде, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету жағдайы жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалғаны анықталған, оның ішінде Заңның 25-бабының 1-бөлігінің 1, 4)-тармақтарында таралған талаптарды жергілікті атқарушы органдар назардан тыс қалдырып отырғандығы белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3.06-101-2012 бекіткен «Мониторинг топтары үшін әлеуметтік-транспорттық инфрақұрылым объектілерін түгендеу барысында қолдануға арналған» әдістемелік ұсынымдарының Ережесінің (бұдан әрі-Ереже) 4.3.2.1 тармағы, ғимаратта халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді болуы тиіс.

Алайда, бүгінге дейін адамдар көп шоғырланатын жерлерде яғни Казпочта, Банк мекемелерінде пандус орнатылмағандықтан мүгедектердің құқығы бұзылып отыр.

Одан әрі қарау барсыныда Ереженің 4.3.2.30, 4.3.2.24, 4.3.2.25, тармақтарында пандустың бойлық еңісі 5%-дан аспауы тиіс (1:20). Ерекше жагдайларда көлеңкелі жерлерде көтерудің (марштың) ең жоғары биіктігі 8% - дан аспайтын еңісте 0,8 м-ден аспауы тиіс (1: 12) және пандустар маршының бойлық шеті бойынша биіктігі кемінде 0,005 м, ал таяқтың немесе аяқтың сырғанауының алдын алу үшін (базалық талап) биіктігі 0,45 м астам деңгей айырмасы кезінде көлденең үстіңгі бет жиегінің бойына борттар қарастыру керек. Барлық баспалдақтар мен пандустардың екі жағының бойында, сондай-ақ биіктігі 0,45 м артық барлық деңгей айырмасына түтцалары бар қоршау орнату қажет. Пандустар түтқаларын, әдеттегідей, 0,7 м - 0,9 м биіктікте, ал баспалдақтардікін - шамамен 0,9 м биіктікте, ал балалар келуі ықтимал жайларда - шамамен 0,5 м биіктікте орнату керек.

Іс жүзінде, аудан орталығында жасалған пандустардың біршамасы талапқа сай жасалмаған мүгедектердің құқықтары сақталмағандығын көрсетіп отыр.

Мысалы, Сырым ауданының орталық ауруханасы, ««Халыққа қызмет көрсету орталығы», халықты жұмыспен қамту орталығында, білім беру бөлімінде және білім беру ошақтарында мүгедектерге арналған пандус ереже талабына сай жасақталмағандығы (Ереженің 4.3.2.33, 4.3.2.34, 4.3.2.35) белгілі болды.

Осы Ереженің-4.3.2.12, 4.3.2.13 тармақтарына сай, аспалы немесе айналмалы есіктерді дәйекті орналастырган кезде, олардың арасында ені кемінде 1,4 м бос кеңістік пен есік арасындагы кеңістікте ішке қарай ашылатын есік енін қамтамасыз ету қажет.

«Өзіңнің» багытына ашқан кезде есік алдындағы кресло -арбаны оңтайландыру үшін кеңістің тереңдігі кемінде 1,2 м, ал «өзіңе» бағытына ашқан кезде - ені кемінде 1,5 м кезде кемінде 1,5 м болуы тиіс.

Қарсы тексеріс жүргізу кезінде, аудандық орталық ауруханасы, ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі, «Халықты жұмыспен қамту орталығында т.б мекемелердің кіре беріс есіктері мүгедектерге қолайсыз жасалғандығы белгілі болды.

Сантехникалық жабдықтарды қарау барысында Ереженің талабына сай, 4.3.3.6, 4.3.3.8, 4.3.3.12 тармағының талабына сай, келушілердің есептік саны 50 және одан көп адам кезінде немесе келушілердің ғимаратта болуының есептік ұзақтығы 60 мин және одан жоғары кезде кез-келген қоғамдық ғимараттарда әр қабатта әмбебап кабинасы бар санитарлық торап қарастырылуы керек және көру кемшілігі бар және кресло-арбаны пайдаланатын мүгедек адамдарға арналған санитарлық тораптар жұмыс орнынан 60 м аспайтын жерде орналастырылуы тиіс. Жалпы пайдаланатын санитарлық тораптардың әмбебап кабинасының жоспардағы көлемінің ені - кемінде 1,65 м, тереңдігі - кемінде 2 м болуы тиіс, унитазбен қатар кабинаға кресло-арбаны орналастыратын кеңістік, сондай-ақ киім, балдақ және басқа да заттар үшін ілмек қарастыру керек.

Алайда, адамдар көп шоғырланатын «Халыққа қызмет көрсету орталығы», орталық ауруханасы, Казпочта, Банк бөлімдерінде, демалыс орталықтарында, аудан әкімінің ғимаратында, Сырым аудандық білім беру бөлімінде сантехникалық жабдықтар мүлдем жасалмаған.

Самара-Шымкент тас жолында орналасқан шағын аудан бола тұра, бүгінде бағдаршам және мүгедектерге өтпелі жолдарда арнайы дыбыс қоңдырғысы жоқтығы нәтижесінде мүгедектердің қүқықтары сақталмайтындығын көрсетті.

Бұдан бөлек, көшесіне тротуар орнату жұмыстары (Сырым Датұлы және басқа орталық көшелерге аралыгына)» мүгедектердің кедергісіз қозғалуы үшін жүргіншілер орнатылған көшелерге арнайы жол өтпелері (сары жолақпен) белгілер салынбаған.

Бөліммен аталған бағытта жүмыстар жасату жөнінде біршама орындау жөнінде ұсыныстар берілгенімен жергілікті атқарушы органдар жүмыстарын тиімсіз қарап, ақшалай қаражат бөлдіру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмей аудан орталығындағы біршама мүгедектердің құқығына нүқсан келтіріліп отырғандығын көрсетті.

Ұсыным: мүгедектерге әлеуметтік-транспорттық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімді болу үшін және көрсетілген тәуекелдеоді жою үшін басқа да  шаралар қабылдауды.

 

 «Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

         

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-3, нақты саны - 3, бос лауазым жоқ.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша 1 адам тағайындалды:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес, бөлімнің бас маманы П.Илашеваның бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шығуына байланысты А.Исламгалиев  уақытша бөлімнің бас маманы лауазымына тағайындалды.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Есептік кезеңде  қызметкерге ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылмады.

Бөлім қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Бөлім қызметкерлерімен акциялар, пайлар,жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Бөлімде коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Талдау жүргізу барысында әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталмады.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу.

Талдау кезеңінде Басқармада бос лауазымдарға орналасу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бөлімнің құзыреттілігіне кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы-қаражатын игеру және бөлу.

2022 жылы бюджет 42641,0 мың теңгені құрады, оған: жалақы қоры –   17147,8 теңге, іссапар шығыстары – 601,0 мың теңге, негізгі құралдар сатып алу-142,3 мың теңге, қорларды, отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету,  бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету, автокөліктер мен оргтехникаларды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1395,2 мың теңге, 9896,0 мың теңгені мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  жобалары құрады. 12768,0 мың теңгені ақпараттық саясат бойынша қызметтер құрады.

2023 жылдың 1 жартыжылдығына бюджеттік қаржыландыру 23425,0 мың теңгені құрайды. Игерілгені 23383,2 мың теңге.

Жылдың қортындысы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек болмады. Бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Мемлекеттік  сатып алу жоспарына сай 2022 жылы 31 сатып алу өткізіліп жалпы құны 13163,0 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Оның ішінде:

Баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу-769,3 мың теңге;

Бір көзден тікелей келісімшарт жасату арқылы – 8023,5 мың теңге;

Өтпеді деп тану арқылы бір көзден сатып алу– 2395,2 мың теңге;

Мемлекетті әлеуметтік тапсырыс-1975,0 мың теңге.

Мемлекеттік  сатып алу жоспарына сай 2023 жылы І жартыжылдығына 18 сатып алу өткізіліп жалпы құны 11477,1 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Оның ішінде:

Баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу-419,3 мың теңге;

Өтпеді деп тану арқылы бір көзден сатып алу– 553,8 мың теңге;

Мемлекетті әлеуметтік тапсырыс-9713,1 мың теңге.

Электрондық дүкен – 94,0 мың теңге.

Ашық конкурс – 696,9 мың теңге.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Көрсетілген сұрақтар бойынша тәуекелдер анықталған жоқ.

 

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы»мемлекеттік мекемесі

1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мекеме мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-16.5, нақты саны 14.5-, бос лауазым-2.

2022 жылдың  мекеме басшысы Н.Болат өз еркімен жұмыстан  босады. 2022 жылдан бастап осы мекемедегі кеңесші маман Қ.Халит уақытша басшы міндетін атқарды. 2023 жылдың 27

шілдеден бастап кеңесші маман С. Мұса басшы болып тағайындалды.  Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Мекемеде қызметкерлерімен акциялар, пайлар,жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Мекемеде коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Мүдделер қақтығысы жоқ.

Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2022 жылы бюджет 26 млн. 689 мың теңгені құрады, оған: жалақы қоры –19 млн. 601 мың теңге, іссапар шығыстары–707мың теңге, қалғандары 6млн. 381мың теңге бұл қорларды, отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету, үй-жайды жалға алу, сайт пен бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету.

Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін немесе күшін жоюға жататын актілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.

Жасырын қызметтерді анықтау

Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Мекеме құзыреттілігіне кірмейді.

 

«БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

         

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-4, нақты саны - 4, бос лауазым - 0.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мен жаңадан қабылданған  мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Тәртіптік жауапкершілік бойынша.

Есептік кезеңде 1 қызметкерге ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Бөлімнің қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Бөлім қызметкерлерімен акциялар, пайлар,жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Бөлімде коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Талдау жүргізу барысында әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталмады.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу.

Талдау кезеңінде бөлімде бос лауазымдарға орналасу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Ережеге және бөлімнің құзыреттілігіне сай спорт және азаматтық хал актілері салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы-қаражатын игеру және бөлу.

2022 жылы бюджет 30928,0 мың теңгені құрады, оған: жалақы қоры – 28181,3,  теңге, іссапар шығыстары – 1108,9 мың теңге, 2365,1 мың теңге бұл қорларды, отынды сатып алу, негізгі құралдарды ұстау және қызмет көрсету.            353 мың теңгені тілдік курс ұйымдастырылуына жұмсалды.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

          Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 42 өтініш келіп түсті, оның ішінде 41 өтініш жеке тұлғалардан, 1 өтініш заңды тұлғалардан.Қайталанған өтініштер түскен жоқ.

2023 жылдың 31 наурызына дейін жеке және заңды тұлғалардан барлығы 40 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 39, заңды тұлғалардан 1. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.

          Бөлім басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бөлім орналасқан ғимаратта ілінген. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

 

 «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

         Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

         2022 жылдың 01 тамыз айынан 2023 жылдың 20 шілде жағдайы бойынша «Сырым аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде нақты штат саны 9 адамды құрап отыр. Оның 3-і мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның 1 - бөлім басшысы, 1 – бас маман есепші, 1 – бас маман, 1 - іс жүргізуші, 2 - статист, 1 - еден жуушы, 1 – көлік жүргізуші, 1 – комендант.

         Мүдделер қақтығысын реттеу.

         «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлім басшысы басқарады, басшылық етеді. Бөлім басшысы Айткалиев Тимур Саламатович 2021 жылдың ақпан айында  тағайындалған.

         01.08.2022 ж. – 20.07.2023 жылдары аралығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласы.  

          Бөлім Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген келесі қызметтерді көрсетеді:

          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығымен бекітілген 2 қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай қабылданған  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» №165 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен бекітілген.

Бөлім «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш қабылданады. Олар өз кезегінде барлық құжаттарды біздің бөлімге «Kezekte.kz» бағдарламасы арқылы электронды түрде жолдайды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан «Kezekte.kz» бағдарламасы арқылы келген өтініш тіркеліп, тұрғын үй комиссиясының қарауына жолданды. Көрсетілетін қызмет алушы халыққа қызмет көрсету орталығынан нәтижесін құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде алады.

2023 жылыдың 1 қаңтар - 31 шілде аралығында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді. Бұлардың ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламенті арнайы бұрышта ілінген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығымен бекітілген 4 қосымшасына сәйкес «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» Бөлім «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш қабылданады. Олар өз кезегінде барлық құжаттарды біздің бөлімге «Госреестр» бағдарламасы арқылы электронды түрде жолдайды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан «Госреестр» бағдарламасы арқылы келген өтініш тіркеліп, тұрғын үй комиссиясының қарауына жолданды. Көрсетілетін қызмет алушы халыққа қызмет көрсету орталығынан нәтижесін құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде алады.

         Бақылау функцияларын іске асыру;

Бөлімде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.

          Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

2023 жылдың бақыланатын кезеңінде барлығы 66 (отыз бес)  өтініш түскен.

Соның барлығы да тұрғын үй мәселелері бойынша– 66 өтініш түсіп, ол өтініш бойынша түсінік берілді.

          Жеке және заңды тұлғалардан мекеменің жұмысына қатысты жағымсыз шағымдар мен ұсыныс, пікірлер түскен жоқ.

Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сай қабылданып, қаралған. Мерзімі бұзылып қаралаған өтініштер жоқ. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, өтiнiш берiлген тiлде жауап берілген. Тікелей жазбаша түрінде жүгінген тұлғаларға бекітілген нысанда талондары берілген.

 

«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

 

Бөлім туралы ереже (әрі қарай - Ереже) Сырым ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 430 қаулысымен бекітілді.

Ережеге сәйкес аудан аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады.

Заңды орналасқан жері: индексі 090900, ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15 (негізгі мекен-жайы Жымпиты ауылы, Алаш Орда көшесі, 23 ғимарат).

Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Бөлім қызметшілерінің штаттық саны барлығы 7 (жеті), соның ішінде 3 (үш) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер (Бөлім басшысы – А.М.Токтаров, бас маман-есепші – Т.К.Рахимкулова және бас маман – Б.Б.Тулегенов), 1 (бір) келісімшарт негізінде жұмысқа қабылданған (статист – Н.С.Жаулыбаева), 1 (бір) еден жуушы 0,5 штат (С.Д.Айдарханова), 1 (бір) іс-жүргізуші (Г.С.Мырзагалиева) және 1 (бір) көлік жүргізуші (Е.Ш.Аман) қызметкерлер /жалғанды бұйрық/.

Осы ретте, Г.С.Мырзағалиеваның декреттік демалысының аяқталуына байланысты келісім шарт негізінде 2023 жылдың 7 сәуірінен бастап міндеттеріне кірісті /жалғанды бұйрық/.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

- 2023 жылдың 1 тоқсанымен 4 бұйрық шығарылып, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілер кірістер мен мүлкі туралы декларацияларды мемлекеттік кірістер басқармасына уақытында тапсырған.     Штат құрамында бос орын анықталмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Сырым елі», аудандық қоғамдық саяси газетінде, Сырым ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында) нәтижесінде мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі жоспарға сай, заң талаптары сақтала отырып, ашық электрондық конкурспен, баға ұсынымдарының сұранысы және бір көзден алу тәсілімен шартты тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің ресми сайтында критикалық жарияланымдар болған жоқ, Сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деген арнайы бөлім жұмыс істейді. Аталған бөлімде Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша ақпарат, бейнероликтер және басқа да ақпараттар орнатылған. Өткен кезеңде Бөлімнің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

Сонымен қатар, аудан әкімінің ресми сайтында «Жер заңнамалық негізінде» атты арнайы айдар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сенім телефоны 871134-21595 жұмыс істейді. Сол арқылы қандай да бір жемқорлықтың алдын алуға болады деп ойлаймын. Осы бағытта біздің мекемемізде дөңгелек үстелдер, БАҚ-та мақалалар жариялау арқылы түсіндірме жұмысы дәстүрлі түрде жүргізіледі. 

Ауданның жалпы жер қоры 1 188 843 га құрайды,  оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының жері төмендегі кестедегідей:

- елді мекендердің жері – 140 017 га;

  - Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер - 1 794 га; -  Орман қоры - 5 103 га; - Су қорының жерлері - 37 га;

- Босалқы жерлер: 2022 жылдың қорытындысымен – 359 021 га;

 

Атауы

2022 жыл (қорытынды)

саны

Көлемі, га

Ауыл шаруашылығы құрылымдары

458

682871

Шаруа қожалықтары

411

573757

Шаруашылық серіктестіктер

35

98639

Өндірістік кооперативтер

7

4163

Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

1

50

Ғылыми-зерттеу және оқу мекемелері мен мекемелері

3

745

Басқа кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер

1

5517

ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрықтың қосымшаларына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді және олар (www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы)  көрсетіледі, олар:

  1. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту";
  2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
  3. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру";
  4. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру";
  5. "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру";
  6. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу";
  7. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау";
  8. "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру";
  9. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату";
  10. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".

2023 жылдың 7 айында  электронды түрде (Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту - 13) барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         2020-2022 жылдары көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бұзушылықтар орын алған жоқ.

Осылайша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықтың туындау алғышарттарын азайту болып табылады.

Аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің келесі сандарында 2023 жылдың 1 тоқсанына төмендегідей мақалалар жарық көрді:

- Аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 13 /10189/ санында «Сырым ауданы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанына жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі» атты хабарлама;

- Аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 17 /10193/ санында «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» атты хабарлама;

Бөлім басшысының әр аптаның сәрсенбі күні жеке қабылдау күні болып белгіленді. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес:

2023 жылдың 7 айында барлығы 18 өтініш, соның ішінде 15 жеке тұлғалардан, 3 заңды тұлғалардан келіп түсті, оның 6-і жоғарғы тұрған органдардан және 12-і тікелей.

Заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты өтініш түспеген. Өтініштердің ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарына сәйкес қарастыру мерзімі мен тәртібі қатаң сақталған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптар толықтығына, объективтілігіне, ынталандырылуына қаралды.

         ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабына, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР АШМ 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізілген жоқ.

ҚР Жер Кодексінің 48 бабына, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукциондар өткізілген жоқ.

 

- ҚР 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Сырым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 379 «Сырым ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы;

БҚО Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-3 «Сырым ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімімен бекітілді.

2017-2020 жылдарға арналған елді мекендердің әкімшілік шекараларын нақтылы белгілеу бойынша бекітілген Жол картасы шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан бойынша 38 елді мекеннің 2020 жылы ауданның 5 (бес) елді мекенінің, атап айтқанда Бұлан, Жымпиты, Тасқұдық, Қоңыр және Тоғанас ауылдарының шекаралары аудан әкімдігінің 09.10.2020 ж № 141 қаулысымен және аудандық мәслихаттың № 59-4 шешімімен белгіленді.

2021 жылы ауданның 8 (сегіз) елді мекеніне, атап айтқанда Саралжын, Қызылағаш, Жаңақоныс, Жырақұдық, Қарағанды, Қособа, Талдыбұлақ және Құспанкөл ауылдарының шекаралары аудан әкімдігінің 05.11.2021 ж № 138 қаулысымен және аудандық мәслихаттың № 10-4 шешімімен белгіленді.

Қазіргі уақытта Алғабас, Аралтөбе, Аққұдық, Бұлдырты, Қосарал, Өлеңті және Шағырлой ауылдарының шекаралары (шегін) белгіленбей отыр.

Ұсыным: Алғабас, Аралтөбе, Аққұдық, Бұлдырты, Қосарал, Өлеңті және Шағырлой ауылдарының шекаралары (шегін) белгілеу бойынша тиісті шаралар алу.

«Раушан» ШҚ және «Димаш» ШҚ-на  жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартылған.

2022 жылдан бастап Сырым ауданы әкімдігімен кәсіпкерлерге мемлекетке бұрын берілген жер учаскелері үшін бірдей өтемақы берілмеген.

Талдау барысында орын алған бұзушылық жойылды.

Ұсыным: жауапты мамандарға жер заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.

 

«Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

          Бөлімнің штат саны 2022 жылы - 4 бірлік, оның ішінде 1 - бөлім басшысы, 3 - бас маман.

          2022-2023 жылы  өз еркімен жұмыстан босатылған  2 қызметкерлер  болды.

Таза ауысымдылық - 50% құрады.

2022-2023 жылы тәртіптік жазаға қызметкер тартылған жоқ.

2022-2023 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 1 конкурс  (бос бөлім басшысы лауазымы).

Жыл басынан бастап  1 қызметкер жұмыстан босатылды.

Таза ауысымдылық -50% құрады.

2 Жаңа тағайындалымдар болды (бос мемлекеттік бөлім басшысы лауазымы).

01.08.2022-20.07.2023 ж. аралығында тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне бөлімнің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты мамандары, қаржы саласы бойынша жауапты маман кіргізілді. 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Бөлімнің құзыреттілігіне кіреді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданып отырған кезеңде Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бөлім басшысы және бөлім мамандары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, бөлім орналасқан ғимаратта ілінген. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағида) 50-1 тармағына сәйкес, бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.

      Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындаған кезде олардың нақты орналасу орны, бағытының схемасы, алатын алаңы, бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілеген қызмет саласы көрсетіледі.

      Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар оны конкурстық негізде өткізеді. Конкурс, өтінімдер қабылдау шарттарын, бөлінетін орындар санын, орналасқан орнын, бағыттарын, бөлінетін алаңды, орналасу кезеңін жергілікті атқарушы органдар өздерінің ресми сайттарында конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жариялайды.

          Алайда, бүгінгі күнге дейін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын бекіту туралы қаулы Қағиданың талаптарын сақтамай қабылданған.

          Сөйтіп, жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі нәтижесінде кәсіпкерлер сауданы стационарлық емес сауда объектілерінде жүзеге асыру мүмкіндіктерінен айырылып отыр.

          Ұсыным: аудан әкімдігінің стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын бекті туралы қаулысын заңға сәйкестендіру.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа жол бергенін көрсетті. Көрсетілген тәуекелдер жауапты мамандардың кәсіби біліктіліктерінің жеткіліксіз болуынан орын алып отыр.

                                               

Аппарат басшысы                                                    М.М.Мырзаш

        

          Комиссия мүшелері:   

 

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Жалпы бөлім басшысы

Кадр бөлімі басшысы

Жалпы бөлімнің бас инспекторы

Бас маман заңгер

Т.Б. Кубаев

Ж.Т. Калешова

А.А. Мухангалиева

А.А. Куанаев

Р.С.Хайруллин

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 сентября 2023