СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ШОЛАҚАҢҚАТЫ
АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес 2023 жылғы 20 тамызда Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің кандидаттығына барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидатты «АМАNAT» партиясының Сырым аудандық филиалы ұсынды, 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды. Ұсынылған 4 кандидаттың ішінен 3 адам (75%) кандидат ретінде тіркелді, 1 (25%) ұсынылған кандидат сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатты ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы