Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайсар спорт клубы» МКҚК-ның  қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулығы

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайсар спорт клубы» МКҚК-ның директорының

2023 жылғы « 04 » мамырдағы

 №10-ө бұйрығымен бекітілген

               

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайсар спорт клубы» МКҚК-ның  қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы

НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

1-тарау. Қолданылу саласы

 

  1. Осы Нұсқаулық сыбайлас жемқорлық бағытындағы әрекеттерге не жататынын айқындайды, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдай туындаған жағдайда Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайсар спорт клубы» МКҚК-ның қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібін белгілейді.
  2. Осы құжат кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларының танысуы және қолдануы үшін міндетті болып табылады.

 

2-тарау. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

  1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.

Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

 

 

 

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері;

Мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін.

Пара - мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе лауазымды адам, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы жеке өзi немесе делдал арқылы өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда.

Параны қорқытып алу (бопсалау) – адамның пара берушінің немесе олардың атынан ол өкілдік етіп отырған тұлғалардың заңды мүдделеріне залал келтіруі мүмкін әрекеттер жасау қатерімен параны талап етуі не құқықпен қорғалатын мүдделер үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында оны пара беруге мәжбүр болатындай жағдайларды қасақана жасауы.

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Қызметкерлердің  ықтимал сыбайлас жемқорлық 

құқық бұзышылқтар кезіндегі іс- әрекеттері

 

  1. Қазақстан Республикасында пара алу және беру жөніндегі іс-әрекеттер заңға қайшы және бұл жағдайларда Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің қолданылады.

Егер ақша, өзге мүлік, материалдық қызмет көрсету түріндегі мүліктік пайда лауазымды адамның келісімімен оның туыстары мен жақындарына берілсе немесе ол бұған қарсылық білдірмесе және өзінің қызметтік өкілеттігін пара берушінің пайдасына пайдаланса, лауазымды адамның іс-әрекетін пара алу деп саралау керек.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшамен, бағалы қағаздармен және өзге де мүлікпен қатар, өтеусіз көрсетілетін, бірақ төлеуге жататын мүліктік сипаттағы пайда (туристік жолдамалар беру, пәтерді жөндеу, саяжай салу және т.б.) пара алу және коммерциялық сатып алу нысанасы болуы мүмкін.

Мүліктік сипаттағы пайда деп, атап айтқанда, берілетін мүліктің, жекешелендірілетін объектілердің құнының төмендетілуі, жалға алу төлемдерінің, банк несиелерін пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің азайтылуы түсіндіріледі.

Пара алу және пара беру, бір қылмыстық модельдің екі қарама-қарсы жағы, егер пара туралы айтатын болсақ, бұл пара алатын адамның (пара алушы) және оны беретін адамның (пара беруші) бар екенін білдіреді.

Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасаса, ол лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігінің) үшін артықшылықтар алуы және пайда табуы болып табылады.

Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.

  1. Пара келсідей нысанда болуы мүмкін:

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, құнды металлдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер,азық-түліктер, бейнетехника және басқа да заттар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүліктер.

Қызмет көрсету және пайда – ем қабылдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және туристік жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегін немесе кемітілген бағамен беру.

Бүркемеленген пара түрі – банктік көмек несиесін қарызға алу немесе жоқ несиені өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңіл несие алу, дәріс беру, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңілдету, несие мөлшерінің пайызын көбейту және т.б.

  1. Мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу туралы шектеулерді, тыйымдар мен талаптарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатындағы өтініштер туралы жалдаушының (жұмыс берушінің) өкілін хабардар ету міндетін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында белгіленген өзге де міндеттерді сақтау маңызды.
  2. Сыбайлас жемқорлық бағытындағы және коммерциялық параға сатып алудың ықтимал жағдайлары, сондай-ақ мінез-құлық қағидалары бойынша ұсынымдар:

Арандату:

Қызмет көрсетуге жүгінген азаматтар, бөлімше қызметін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал арандатуларды болдырмау үшін:

  • Келушілер орналасқан қызметтік үй-жайларды және жеке заттарды (киім, портфель, сөмке және т. б.) қараусыз қалдырмаңыз;
  • Келуші кеткен соң жұмыс орнында немесе жеке заттарында қандай да бір бөгде заттар табылған жағдайда, ешқандай дербес іс-әрекет жасамай, дереу басшылыққа мәлімдеңіз.

Параны қорқытып алу (бопсалау):

  • Өзін өте мұқият ұстау, сыпайылық сақтаңыз, ешкімге жағынуға тырыпаңыз, параны және/немесе коммерциялық параны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тарту немесе алуға дайын болу ретінде түсіндірілуі мүмкін асығыс мәлімдеме жасамаңыз;
  • Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, есте сақтаңыз (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, параны беру мерзімі және тәсілі, комерциялық параға сатып алу нысаны, мәселені шешу дәйектігі);
  • Пара және/немесе коммерциялық параға сатып алу нысанасын беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысып, келесі кездесуге Сізге жақсы таныс орынды ұсыныңыз;
  • Әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбірек «тыңдаңыз», ықтимал пара алушының (пара берушіні) «ашылып сөйлеуіне» мүмкіндік беріңіз және одан мүмкіндігінше көп мағлұматтарды алыңыз;
  • Сіз пара беруге немесе коммерциялық параға сатып алуға келісім берген жағдайда, сіздің мәселеңізді шешудің кепілдіктері туралы сұраңыз;
  • Егер Сізде жазу құралы диктафон болған жағдайда, пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (жасырын) жазып алыңыз;
  • Осы факт туралы жоғары тұрған басшылыққа қызметтік жазба түрінде баяндаңыз;
  • Дайындалып жатқан қылмыс туралы жазбаша немесе ауызша хабарламамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе 1424 Call-орталығына жүгініңіз.

Мүдделер қақтығысы:

  • Мүдделер қақтығысының кез келген мүмкіндігіне мұқият болыңыз;
  • Мүдделер қақтығысы туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдаңыз;
  • Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Сізге белгілі болған сәтте өзініздің тікелей бастығыңызға жазбаша нысанда хабарлаңыз;
  • Тікелей басшының келісімі бойынша туындаған мүдделер қақтығысын еңсеру бойынша шаралар қабылдаңыз;
  • Мүдделер қақтығысының тарабы болып табылатын қызметкердің қызметтік жағдайын өзгертіңіз, тіпті белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге де болады және (немесе) қызметкер мүдделер қақтығысының туындауына себеп болған пайдадан бас тартуы қажет;
  • Қызметтік тәртіпті сақтау және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша комиссия құрылуы тиіс.

Әр адам өз шешімін еркін таңдай алады. Бірақ еркін адам ретінде ол қылмыстың жазалануы керек екенін түсінбеуі мүмкін емес.

 

4-тарау. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы

жағдай кезіндегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі

 

  1. Сіз өз қалауыңыз бойынша ауызша немесе жазбаша өтінішпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе 1424 Call-орталығына жүгіне аласыз.
  2. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық туралы хабарлау нысандарының бірі жасырын жүгіну болып табылады. Бұл жағдайда өтініш беруші анонимділікке байланысты жауап ала алмайды, ал қылмыс туралы жасырын өтініштің өзі, мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер бар жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс қозғауға себеп бола алмайды.
  3. Параны қорқытып алу жағдайында Сізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгіну және параны немесе коммерциялық параны қорқытып алу фактісі туралы төмендегілерді көрсетіп өтініш жазу қажет:
  • Лауазымды тұлғалардың қайсысы (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, мекеменің атауы) Сізден қорқытып пара талап етеді немесе коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қайсысы Сізді пара алуға итермелейді;
  • Қорқытып алынатын параның (параға сатып алу) сомасы мен сипаты қандай;
  • Нақты қандай әрекеттер (немесе әрекетсіздік) үшін Сізден пара талап етіледі немесе коммерциялық параға сатып алу жасалады;
  • Пара беру қай уақытта, қай жерде және қалай жүзеге асырылатын болады немесе коммерциялық параға сатып алу жүзеге асырылатын болады.

. 14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінумен қатар қызметкерлер осы Нұсқаулыққа сәйкес басшылықты хабардар ету жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

 

 

 

 

5-тарау. Қарауындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауапкершілігі

 

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, коммерциялық параға сатып алу және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған және кінәсі сотта дәлелденген қарамағандылары үшін басшыларға дербес жауапкершілік жүктейтін норма қарастырылған.
  2. Кәсіпорын жұмыскері өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, коммерциялық сатып алу және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған жағдайда, осы жұмыскер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетіледі. Бұл жұмыскердің тікелей басшысы жұмыскерді өз міндеттерін орындаудан шеттету үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
  3. Тәртіптік жауаптылыққа тарту түрлері келесідей:
  • ескерту;
  • сөгiс;
  • қатаң сөгіс;
  • еңбек шартын Еңбек кодексінде қарастырылған негіздермен Жұмыс берушінің бастамасымен бұзу.

Басшы өзіне тікелей бағынышты жұмыскерге қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі шыққан кезде немесе қылмыстық істі ақталмайтын негіздермен (рақымшылық жасау, іс жүзінде өкіну, тараптардың татуласуы және т.б.) тоқтату туралы шешім қабылданған кезде жұмыстан шығуға өтініш беруі тиіс.

Жұмыстан шығу туралы өтініш басшыны лауазымға тағайындаған жауапты адамға беріледі. Жұмыстан шығару және тәртіптік жаза қолдану туралы шешім  қабылдау басшыны осы лауазымға тағайындаған тұлғаның құзыретінде болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 июня 2023