Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылдың I-тоқсанына арналған талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылдың I-тоқсанына арналған талдамалық анықтама

 

  1. Жалпы ақпарат

2023 жылдың 1-ші тоқсанында 1724 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 7
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 0

-    көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0

-    Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 214

 

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:

  • egov.kz портал арқылы - 222
  • elicense.kz порталы - 202
  • Ақпараттық жүйелер арқылы(Е-собес, Рынок труда, Социальная помощь, ИС Загс, е-кезек, Электронная биржа труда) - 1079

 

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 2, оған
74 тұрғын тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 1 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі: кемшіліктер анықталған жоқ.

2023 жылдың 10 науырыз айында фейсбук әлеуметтік желісі арқылы мемлекеттік қызмет көрсететін аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімімен онлайн жәрменке оздырылды.

Дата публикации
24 апреля 2023