Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы негізінде жүргізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтің Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің 2022 жылдың ІІ тоқсанына
қорытындылары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің жағдайына, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауға қатысты ақпарат болып табылады.
«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім), Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15 үй; БСН 161240016334;
Заңды тұлға, ozo_sr@mail.ru Тел.: 8(71134) 31-114.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен туындау себептерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер.
«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Сырым ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 430 қаулысымен бекітілді.
Бөлімнің құрылымының және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілді. Бөлім қызметшілерінің штаттық саны барлығы 5 (бес), соның ішінде 3 (үш) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер (Бөлім басшысы – А.М.Токтаров, бас маман-есепші – Т.К.Рахимкулова және бас маман – Б.Б.Тулегенов), 1 (бір) келісімшарт негізінде жұмысқа қабылданған (іс-жүргізуші – А.А.Ныгметжанова), 1 (бір) еден жуушы.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі, олар:
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
2022 жылдың ІІ тоқсанына барлығы 36 мемлекеттік қызмет, соның ішінде 36 қызмет «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» стандартына көрсетілген.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
2022 жылдың ІІ тоқсан қорытындысымен бөлімде 16 бұйрық шығарылып, 16 бұйрық «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Бөлім басшысының әр аптаның сәрсенбі күні жеке қабылдау күні болып белгіленді. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес ағымдағы жылдың 28 маусымына барлығы 49 өтініш, соның ішінде 31 жеке тұлғалардан, 18 заңды тұлғалардан келіп түсті, оның 18-і жоғарғы тұрған органдардан және 31-і тікелей. Заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптар толықтығына, объективтілігіне, ынталандырылуына қаралды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Сырым елі», аудандық қоғамдық саяси газетінде, Сырым ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында) нәтижесінде мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
Аудан әкімінің ресми сайтында критикалық жарияланымдар болған жоқ, аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 24 /10148/ санында бөлімнің басшысы А.Тоқтаровтың назарына «Ретсіз берілген жерді кім ретке келтіреді» бір жарияланым орын алды; сонымен қатар, сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деген арнайы бөлім жұмыс істейді. Аталған бөлімде Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша ақпарат, бейнероликтер және басқа да ақпараттар орнатылған. Өткен кезеңде Бөлімнің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тіркелмеген.
Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі жоспарға сай, заң талаптары сақтала отырып, ашық электрондық конкурспен, баға ұсынымдарының сұранысы және бір көзден алу тәсілімен шартты тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Сырым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деген арнайы бөлім жұмыс істейді. Аталған бөлімде Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша ақпарат, бейнероликтер және басқа да ақпараттар орнатылған.
ІІ тоқсан қорытындысымен көлемі 1595.0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдалануға берілген. Жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес берілуде.
Аудан әкімі аппаратының ресми интернет ресурсында «Жер заңды негізінде» атты арнайы айдар жұмыс істейді.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Бөлім басшысы А.Токтаров