Хабарлама!
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Сырым ауданының әкімдігі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты 2026 жылы 28 қыркүйек күні сағат 15 00-де өткізеді. Өтетін орны: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 8 ғимарат.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
2) конкурстық ұсыныс;
Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
Өтінім беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2026 жылдың 07 қыркүйектен бастап 2026 жылдың 25 қыркүйек аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның http://syrym-bko.gov.kz// интернет-ресурсында, сәйкесті ауылдық округтердің және «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Толық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8 (71134)21-5-95, 8(71134)31-1-14 алуға болады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Жалпы ауданы, га |
соның ішінде |
Өтетін күні, айы |
сапа балы |
жалға беру мерзімі (жыл) |
||
|
тыңай ған |
шабын дық |
жайылым дық |
||||||
|
1 |
Аралтөбе |
220 |
|
|
220 |
28 қыркүйек 2026 жыл |
19 |
10 |
|
2 |
208 |
208 |
|
|
24 |
10 |
||
|
3 |
330 |
330 |
|
|
24 |
10 |
||
|
4 |
154 |
|
154 |
|
17 |
10 |
||
|
5 |
311 |
|
|
311 |
19 |
10 |
||
|
6 |
783 |
|
|
783 |
19 |
10 |
||