СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
2026 ЖЫЛҒЫ 27 МАМЫРДАҒЫ №1.30/48 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы
Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 5 шілдесіне тағайындалсын.
- Қоса беріліп отырған 2026 жылдың 5 шілдесіне тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы М.Хасанов
Комиссия хатшысы Г.Кадирова