Меню

Аппарат Акима Талдыбулакского сельского округа

«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемілекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ  Қазақстан           Республикасынының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.   «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынасытарға өз атынан түседі. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдерімен, өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.          8. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіліеді. Заңды тұлғаның орналасқан жері:  090910, Қазақстан Республикасы,  Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылы, М.Ықсанов  көшесі, 20.Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде- «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі», орыс тілінде- «Государственное учреждение «Аппарат акима Талдыбулакского сельского округа»».«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 2-20 қаулысымен құрылды.«Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырым ауданы әкімдігі болып табылады. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен  жүзеге асырылады. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты»  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін  қызметті  жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне  жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық- талдау, консультативтік және материялдық- техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
  2. Міндеттері:1) «Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентінің сақталуына қамтамасыз ету; 2)  Президенттің Қазақстанның мемлекеттігін  нығайту жөніндегі  саясатын  дәйектілікпен жүзеге асыру, экономикалық реформаны  іске асыру, оны жүзеге асырудың тактикасы   мен тетіктерін айқындау, ауданның халық шаруашылығы кешенінің болашақтағы дамуы мен жағдайына, әлеуметтік мәдени салаға талдау жасау, тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды және оны шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;3) мемлекеттік еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар жасау, халықты әлеуметтік жыне құқықтық жағынан  қорғаудың  тиімді тетіктерін әзірлеу;4) заң актілерінің,  Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің  және әкімдерінің, ауылдық округі әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;5) бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округі әкімінің  қызметін жариялайды, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған  ішкі және сыртқы  саясатты тусіндіреді.
  3. Функциялары:

          ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімінің мына актілерін жузеге асырады:

          1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;2) салық және бюджетке төленетін басқада төлемдерді жинауға жәрдемдеседі. 3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі  үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  талқылауына  жергілікті маңызы бар мәселелерді  Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына  сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды  шығарады;5) азаматтар  мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Қазақстан  Республикасының  Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;6)  жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;7)  ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз етеді;8)  шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;9)  өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының  орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;10)  әділет органдары жоқ жерлерде  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық  хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;11)  тарихи және мәдени жоқ мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;12)  табысы аз адамдарды  анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді,жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға  үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;13) қылмыстық-атқару  инспекциясы  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырады;18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады;19) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;20)  ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; 21)  жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;22)  қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;23)  шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;24)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;25)  шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;26) жергілікті бюджетті бетіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;27) республикалық маңызы бар қалада, астанада, обылыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;28)  елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;29) елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру,көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;30)  туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;31)  кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;32)  аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді,  сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;33) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;34) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;35) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;36)басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;37)берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің)міндетті көлемдерін айқындайды; 38)берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;39) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;40)жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;41)басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;42) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;43) кіріс көздерін қалыптастырады;44)бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;45)бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;46)жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;47) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;48)елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;49)елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастырады;50)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;51)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;52)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайларемн қамтамасыз етеді;53)Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады;54)ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;55)агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) береді;56)ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;57)микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтайды;58)ауылдық елді мекендерді абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;59) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді;60)облыс әкімдігіне облыстың даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;61)Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады

 

Мекенжай Талдыбұлақ ауылы М.Ықсанов көшесі № 20
Байланыс телефоны 87113452158
   
   
1
Пресс центр
Направления
Полезные ссылки
Документы
Об утверждении Правил осуществления государственных закупок
2024-10-09T00:00:00Z
О государственных закупках
2024-07-01T00:00:00Z
Вакансии
Календарь событий
Телефоны экстренных служб

104

Газовая служба

101

Пожарная служба

103

Скорая помощь

102

Полиция

112

Единая дежурно-диспетчерская служба

109

Актау ЕКЦ-109

102

Полиция

103

 Скорая помошь

101

Противопожарная служба

102

Полиция

101

Пожарная служба

102

Полиция

101

Противопожарная служба

109

Единый контакт-центр iKomek акимата города Костанай

101

Противопожарная служба

104

Газовая служба

104

Газовая служба

103

Скорая помощь

109

Единый контакт-центр iKomek акимата города Астаны

103

Скорая помошь

102

Полиция

103

Скорая помощь

104

Газовая служба

109

iKomek

104

Газовая служба

112

Экстренная служба спасения

103

Скорая помощь

102

Полиция

112

Экстренная служба спасения

104

Газовая служба

+7 (7172) 719-458

Телефон доверия Пограничной службы КНБ РК

1424

Антикоррупционная служба

61-32-94; 64-95-13; 64-95-15; 64-94-59; 64-95-19; 64-95-14

Управление разрешительных документов в области телекоммуникаций

1300

Единый медицинский call-центр

101

Противопожарная служба

109

Единый контакт-центр iKomek акимата города Нур-Султан

1424

Антикоррупционная служба

103

Скорая помощь

1415

Единый медицинский call-центр

150

Служба психологической помощи

112

Экстренная служба спасения

102

Полиция

101

Противопожарная служба

111

Телефон доверия для детей и подростков

102

Полиция

104

Газовая служба

104

Газовая служба

101

Противопожарная служба

1424

Антикоррупционная служба

103

Скорая помощь
Услуги
Руководство
Галерея
Слайды
Электронное правительство Республики Казахстан
Электронное правительство Республики Казахстан
Страницы
Аппарат акима
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
Онлайн-приемная
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы