Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі -  "Еңбек" бағдарламасы) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.

"Еңбек" бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүргізілетін болады:

      1) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

      2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;

      4) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.