ПРЕСС РЕЛИЗ

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысу тегін болып табылады.
Байқау төрт номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.
Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және жергілікті атқарушы органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Айта кетейік, 2022 жылы конкурсқа облыстың 28 бизнес субъектілері қатысты. Оның ішінде 8 – ірі кәсіпорындар, 3 – орта кәсіпорын және 17 – шағын кәсіпорындар.
Конкурс қорытындысы бойынша «Казбургаз» АҚ «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 1 орын, «Czech Camp» (Чех Кэмп) ЖШС «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 2 орын және «Жайықмұнай» ЖШС «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 3 орын алды. «Казбургаз» АҚ компаниясы 2022 жылы бірден екі номинацияға қатысқанын атап өткен жөн: «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2022 жылдың 7 желтоқсанда Астана қаласында «ЭКСПО» конгресс орталықта өтті.
Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еліміздің барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырады.
«Парыз» конкурсы туралы толық ақпарат алу үшін Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мына мекен-жайы бойынша: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 405 каб., байланыс телефоны 8(7112) 50-50-99, 51-28-66; эл. мекен жайы: lu.zhadenova@bko.gov.kz және bqo_jumyspen_qamty инстаграм, https://www.facebook.com/bqo.jumyspen.qamty фейсбук әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.