Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 қазан күні Республика күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, әлеуметтік сала қызметкерлерін салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Марапаттау кешіне Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз қатысып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын, облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік саладағы ең үздік мекемелер мен мамандар марапатталды:
- «Үздік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» номинациясы бойынша - Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- «Үздік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» номинациясы бойынша - Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
- «Үздік Мансап орталығы» номинациясы бойынша - Жаңақала аудандық мансап орталығы;
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үздік маманы» номинациясы бойынша - Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Г.Алпысбаева;
- «Мансап орталығының үздік маманы» номинациясы бойынша - Тасқала аудандық мансап орталығының бөлімше басшысы М.Ермұқанова;
- «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік маманы» номинациясы бойынша - «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі А.Кадырова;
- «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша - Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тау ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Ғ.Жұбанова.