Жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Б. Абуовтың төрағалығымен жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес өтті.
Кеңеске БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары, облыстық Еңбек мобильділігі орталығының мамандары және Орал қалалық, аудандық мансап орталықтарының директорлары қатысты.
БҚО Еңбек мобильділігі орталығының директоры С. Баймуханов «Жұмыспен қамту көрсеткіштерінің облыс бойынша орындалуы» тақырыбында және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Биғалиев «Өңірлік жұмыспен қамту картасының жүзеге асырылуы» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кеңеске қатысушылар жұмыспен қамту көрсеткіштерінің орындалуы бойынша сұрақтарды талқылады және басқарма басшысы тарапынан мамандарға жұмыс барысына сәйкес бірқатар тапсырмалар берілді.