Кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы туралы

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2023 жылдың 18 тамызында кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) отырысын өткізу жоспарлануда.
Комиссия отырысын өткізу уақыты мен орны туралы микрокредит алуға үміткерлер қосымша хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына жастарға микрокредит беру бойынша толықтырулар енгізілген.
Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.
2023 жылы БҚО бойынша 238 микрокредиттер беру жоспарлануда. Өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның БҚО бойынша филиалында Орал қ., Мұхит к-сі, 27/2 мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады (анықтама телефоны: 8 701-006-11-75).