Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен кездесу өтті
10 қаңтар 2023 жылы “Ten qogam” әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау саласында қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, сонымен қатар басқарма және департамент басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2022 жылы атқарылған шаралар және алда тұрған міндеттер туралы хабарлама жасады.
БҚО «Мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов қосымша баяндама жасап, бірлестіктің жұмысын айқындады.
Кездесуге қатысушылар мүгедектігі бар адамдардың өмірінде күнделікті кездесетін өзекті мәсеслелерді талқылап, шешілу жолдары бойынша ой бөлісті.