"Teṅ qoḡam" әлеуметтік қолдау орталығындағы Ашық есік күні

Жарияланған күні: 08 желтоқсан 2022

Өңірде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оларды толғандырып жүрген өзекті мәселелермен ұсыныстарын бірлесіп талдау мен шешу жолдары қарастырылуда. Осы орайда Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ағымдағы жылғы 8 желтоқсан күні «Тeṅ qoḡam» әлеуметтік орталығында ашық есік күні өткізілді.
Шараға БҚО Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстық департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма, Орал қаласының әкімдігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, БҚО білім басқармасы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, БҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік және құрылыс бөлімі, жол полициясы, салық комитеті, «Отбасы банк» өкілдері қатысты.
Ашық есік күнінде 100 аса азамат мамандарға толғандырған сұрақтарын қойып, кеңес алды.