| Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына 5-қосымша | ||||||||
| Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат | ||||||||
| № | Әлеуметтік жобаның атауы |
Ө н і м берушінің атауы |
Ш а р т сомасы ( мың теңге) |
Мақсаттары м е н міндеттері |
Жобаны іске асыру кезеңі |
Әлеуметтік жобаны орындау процесі ж ә н е өткізілген іс-шаралар |
Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қ о л жеткізуге болады) |
Жобаның бағалау ( орташа бағасы) |
| 1 | Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде «Этникалық қазақтарды уақытша орналастыру орталығын» ашу | "Фонд содействия научным исследованиям" жеке қоры | 700 | Орталықты ашу мақсаты - тарихи отанына келген және уақытша баспанаға мұқтаж этникалық қазақтарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін бірінші кезекте қоныстандыру. | Жыл бойы | Орталық 20 төсек орынға есептелген, заманауи тұрмыстық жағдайлармен жабдықталған. Орталықта қажеттілік жағдайда заңгерлік, психологиялық және аудармашылық қызмет көрсетіледі. | Этникалық қазақтар және олардын отбасы мүшелері Орталықта қандас мәртебесін алғанға дейін сәйкесінше құжаттардын ресімделгеніне дейін тұра алады. | 3 |
| 2 | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыз шеңберінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ» республикалық конкурсының женімпаздарын марапаттау рәсімін өңірлік деңгейінде өткізу | "БҚО мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігі | 1300 | Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. | Жыл бойы | Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын өткізіледі. Өңірлік байқаудың жеңімпаздары марапаттау рәсімінде марапатталады, онда тиісті номинациялар бойынша дипломдар мен мүсіншелер, сондай-ақ естелік сыйлықтар беріледі. | Конкурстың нәтижесі бойынша женімпаздардың материалдары республикалық лауреатын айқындау үшін республикалық комиссия қарауына жолданады. | 5 |
| 3 | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Аймақтық Еңбек Форумын өткізу | "БҚО мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігі | 1300 | Мелекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында қоғамда Еңбек адамының беделін арттыру, жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау және көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау, жанұяның беделін көтеру және жанұяның бекітіліп дамуына көмектесу. | Жыл бойы | 2022 жылы конкурстың облыстық деңгейіне қатысуға 34 өтінім қабылданды, атап айтқанда «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - 10, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 15, «Өндірістің үздік жас маманы» - 9 өтінім. «Еңбек жолы» конкурсының лауреаттары номинациялар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды: 1.«Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады. 2. «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады. 3. «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады. |
Облыс әкімінің орынбасарымен «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді және жоспарға сай шаралар жергілікті деңгейде өткізілді. Облыстық деңгейдің жеңімпаздардың материалдары республикалық деңгейдегі конкурсқа жолданды. | 5 |
| 4 | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қайырымдылық айлығы аясында Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шара өткізу | БҚО «Мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі |
1300,0 | Жобаның мақсаты мүгедектігі бар адамдарды облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысушыларды құрметтеу. Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шараны өткізу шеңберінде 65 қамтылады. | Қазан | Мейірбандық күндері айлығы аясында мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалтуда оларды қоғамға бейімдеу бойынша әлеуметтік қызмет көрсетудегі инновациялық бастамалар көрмесіне 12 мекеме қатысты (қоғамдық бірлестіктер, білім мекемелері, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер). Осы мекемелердің мамандары мүгедектігі бар балаларды оңалту үшін, қоғамға етене араластыру үшін, бір бірінен инновациялық көрмеден тәжірибе алмасу болды.Үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық байланыс орнатылды. | 65 адам -100 % | 5 |
| 5 | «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай, волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасындағы облыстық турнир, жыл қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік қызметкерлерді салтанатты марапаттау. | "Қазақ саңыраулар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Орал-Жайық" корпоративтік қоры | 1608 | Әлеуметтік сала қызметкерлері арасында мекемелер бойынша әріптестік байланыс жандандыру | Қазан | «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай өткізілген волейбол ойындарынан жарыс пен жыл қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік қызметкерлерді салтанатты марапаттау кеші әлеуметтік сала мамандарына серпіліс беріп, күнделікті жұмысқа жаңа көзқарас сыйлады. Мамандар арасында салауатты өмір салты дәріптелді. | Қоғамның осал топтарына күнделікті қызмет көрсететін, қиын да қажетті мамандық иелеріне қуаныш, серпіліс, мотивация сыйлайтын шараларды жалғастыру ықтималдығы қажет деп есептейміз. | 5 |