Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №16-1 шешіміне сәйкес басқарма бюджеті 13 863 070 мың. теңгеге бекітілді.Оның iшiнде:
жергiлiктi бюджет — 6 041 075,0 мың теңге,
жалпы сипаттағы трансферттер – 7 821 995,0 мың теңге.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек саласында аса маңызды бағыттардың бiрi мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмiр сүру сапасын жақсарту, табысы аз азаматтардың санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуды шешу болып табылады.
Басқарма 12 ведомствоға қарасты (11 стационар және 1 жартылай стационар) мекемелермен 1422 қамқорланушыларды қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге 4 887 862 мың теңге бөлінді.
«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 256 064 мың теңге облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аппаратын ұстауға қарастырылған.
Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн «Мүгедектерге әлеуметтiк қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 1400 протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге 107 966 мың. теңге қаражат жоспарланып отыр.
053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтiру бойынша қызмет көрсету» бюджеттiк бағдарлама бойынша 16 мүгедек балаға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 97 104,0 мың.теңге жоспарланған.
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық (қала) жұмыспен қамту бөлімдеріне 8 514 074 мың теңге бөлінді және төмендегі іс-шаралар бойынша:
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасы бойынша :