2021 жылға арналған азаматтық бюджет

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк

бағдарламаларды үйлестiру басқармасы бойынша 2021 жылға арналған азаматтық бюджет

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15  желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №40-2 шешіміне сәйкес  басқарма бюджеті  9 951 601,0  мың. теңгеге бекітілді.Оның  iшiнде:

республикалық бюджет —6 847 525,0 мың теңге,

жергiлiктi бюджет — 849892,0 мың теңге,

субвенциия есебінен – 2 254 184,0 мың теңге.

Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек саласында аса маңызды бағыттардың бiрi өмiр сүру сапасын жақсарту, мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарды қоғамға бiрлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау, табысы аз азаматтардың санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру,мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру, бағдарламаның  үшінші    «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты аясында   өзін-өзі жұмыспен қамтыған, біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен  қамтуды шешу болып табылады.

Басқарма 13 ведомствоға қарасты мекемелермен (1422 қамқорланушыларды қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге 2 587 781,0 мың. теңге бөлінді) және  13 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарлама бөлiмдерiмен және жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыс жүргiзедi.

«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 146711,0 мың теңге облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аппаратын ұстауға қарастырылған.

Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн «Мүгедектерге әлеуметтiк қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша барлығы 757093,0 мың. теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат төмендегі іс-шараларға бағытталған:

- 1336мүгедектер мен мүгедек-балаларды санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге,

- 776 кресло-арбаға,

- 776 сурдотехникалық құралдарға,

- 1636 тифлотехникалық құралдарға,

- 2264 протездiк-ортопедиялық құралдарды дайындауға,

 -113 мүгедектерге есiту протезiнiң медициналық қызметтерін көрсетуге.

053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтiру бойынша қызмет көрсету» бюджеттiк бағдарлама бойынша 10 мүгедек балаға  дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 50050,0 мың.теңге жоспарланған.

113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша  6 409 966,0  мың теңге бөлінді және төмендегі іс-шаралар бойынша:

  • 24295 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке -2370126,0 мың теңге,
  • 6560 балаға мемлекеттік кепілдірілген  әлеуметтік пакетке- 460088,0 мың теңге,
  • 11 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге - 1420,0 мың теңге,
  • 116 адамға жартылай стационарлық үлгіде қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметтерді көрсетуге - 74251,0 мың теңге,
  • 5 адамға адамдар саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге- 7231,0 мың теңге,
  • 20 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтын құрбандары арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге -2850,0 мың теңге,
  • 1894 мүгедектi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге- 200398,0 мың теңге,
  • 231 адамға ымдау тiлi мамандарының қызметiн көрсетуге - 44179,0 мың теңге,
  • 3164 адамға техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарының тiзбесiн кеңейтуге-101108,0 мың теңге,
  • 3 мүгедекті бір реттік қолданылатын катетермен қамтамасыз етуге – 531,0 мың теңге,
  • 685,4 бірлікке халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша мемлекеттік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбекақысына қосымша үстемақыға – 250473,0 мың теңге.
  • 8 мүгедектерге арналған жұмыс орнын ашуға - 6561,0 мың теңге,

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша :

  • 1750 адамды жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жолдауға – 765712,0 мың теңге ,
  • 795 адам әлеуметтік жұмыс орындарына - 217686,0 мың теңге,
  • 1028 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыруға гранттарға - 599735,0 мың теңге,
  • 1390 адамға қоғамдық жұмыстарға - 1000808,0 мың теңге,
  • 300 адамға қысқа мерзімді оқуға -93283,0 мың теңге,
  • 366 адамға жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар-213526,0 мың теңге.
Дата публикации
05 января 2021