Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шетел жұмыс күші жөнінде

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыс аумағына тартылатын шетел жұмыс күшінің мониторингін жүргізеді.

Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №279 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» және №274 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарымен реттеледі.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар негізінен, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішін дамытуда, Чинарево мұнай және газ кеніштерін игеруде жұмыс істейді.

«Қарашығанақ кеніші мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы Түпкілікті келісімге» (ӨБТК) сәйкес кеніштегі негізгі мердігерлер «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» (КПО б.в.) қазақстандық компаниясы болып табылады. Кеніштегі қалған компаниялар оның мердігерлері және қосалқы мердігерлері болып саналады. Олар дүние жүзіндегі мұнайгазкондесат кенорындарда ең ірі компаниялардың бірі Қарашығанақта құрама мамандырылған инженерлік қызметтер көрсетеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгіленеді.  

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылына квота белгіленді: барлығы 1161 бірлік, соның ішінде І санатты – 32 бірлік, ІІ санатты – 245, ІІІ санатты – 275, ІV санатты – 9 және маусымдық қызметкерлерге – 600 бірлік. 2026 жылдың 1 шілде жағдай бойынша квотадан нақты 907 бірлік пайдаланылды, немесе 78,1%.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» №1041 қаулысының 1-қосымшасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі көрсетілген.

Тартылатын шетелдік жұмыс күші көбінесе Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланды, Румыния, Өзбекстан және т.б. елдерден.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу және ұзарту ақылы болып табылады. 2026 жылы 6 айдың қортындысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілерден облыс бюджетіне 223,0 млн. теңге салық алымдары түсті. Ал 2025 жылы жұмыс берушілерден 420,0 млн. теңгеден астам салық алымдары түскен болатын.

Документы
Анықтама
19 августа 2026
Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Бұйрық
27 марта 2024
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Ақпарат
19 сентября 2023
ҚР-да тұрақты тұруға рұқсатты оңайлатылған алу үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесі
Новости
Полезные материалы
Шетел жұмыс күші жөнінде
Медиагалерея
События
22 декабря
Жұмыс берушілер назарына!
15 сентября
Жұмыс берушілер назарына!
11 сентября
Жұмыс берушілер назарына!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы