
Қандастар туралы. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың 1 шілдеге 2 адам этникалық қазақтар қабылданып, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту берілді, оның ішінде Ресей Федерациясынан 2 адам. Келген қандастардың арасында еңбекке жарамды жастағылар – 2 адам. Еңбекке жарамды тұлғалардың ішінде 1 адам жоғары білімді, 1 адам орта кәсіптік білімді, оның ішінде 2-і тұрақты жұмыста. Көшіп келген қандастардың облыс бойынша орналасуы: Орал қаласы – 2 адам. 1 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.
Босқындар туралы. 2026 жылдың 1 шілдеге Батыс Қазақстан облысы бойынша 15 шетел азаматы босқын мәртебесін алу үшін жазбаша өтініш берді. Соның ішінде Украинадан – 7 адам, Израиль-4, Ресей Федерациясынан-4.
Барлық шетелдік азаматтарға босқын мәртебесін беру тәртібін жүзеге асыру жөніндегі Комиссияның қарауына дейін босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын пана іздеушінің куәлігі берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша пана іздеуші адамдар ретінде куәлігін алғандардың саны – 2 адам. Соның ішінде Украинадан – 2 адам.
Қалғандары өз еркімен басқа өңірлерге кетуіне, өз елдеріне қайтуына, ҚР шекарасынан шығуына және Қазақстан Республикасының ыхтияр хатын алуына байланысты өтініш білдіргендер.
Комиссия шешіміне сәйкес Израиль азаматтары-3, 1-Украина азаматына босқын мәртебесі 1 жыл мерзіміне берілді.