
Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қызметі жергілікті атқарушы органдардың, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің өкілдері отырысы, ұжымдық келіссөздер, консультациялар, әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптар мүдделерін келістіру түрінде жүзеге асырылады.
2026 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша үшжақты комиссия отырыстарының жалпы саны – 41 (соның ішінде облыстық - 2, қалалық – 7, аудандық – 32).
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық үшжақты комиссия отырыстарында еңбек қатынастары, ұжымдық шарттарға қол қою барысы және олардың орындалуы, облыс кәсіпорындарында еңбек қақтығыстарын ескерту жұмыстары туралы, еңбек қауіпсіздігі, жалақы бойынша облыс кәсіпорындарының берешектері жөнінде, қызметкерлерді босату, өндірістік жарақаттанудың өсуінің алдын алу, еңбек саласындағы тағы басқа сұрақтары комиссия отырыстарында қарастырылады.