
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензиясы бар 33 ұйым арқылы көрсетілуде. Атап айтсақ, стационарлық үлгідегі 11 орталық, оның ішінде 1 орталық аралас қызмет түрін көрсетеді, жартылай стационарлық үлгідегі 6 орталық, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 13 ұйым және 3 уақытша болу ұйымдары.
2026 жылдың 1 шілде жағдайында 5624 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды. Соның ішінде: қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар тұлғалар – 3324, психоневрологиялық ауытқушылығы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар – 1229, мүгедектігі бар балалар – 674, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 36, тұрғылықты жері жоқ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар – 361.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-қуатын жақсарту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту мақсатында 2022 жылдың маусым айында ментальді бұзушылықтары бар адамдар үшін 20 орындық Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі ашылды.
Бұл орталық ментальдық бұзушылықтары бар мүгедіктігі бар адамдарды қайта әлеуметтендіруге, еңбек дағдыларын дамытуға барынша үй жағдайына жақын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінің негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың тұрмысты, еңбекті, демалыс уақытын ұйымдастыруда барынша өздігінен жасауды жетілдіру, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау болып табылады. Қазіргі таңда Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінде 21 адам тұруда.
Сондай-ақ, 2024 жылы Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығы ашылды.
Оңалту орталығының негізгі мақсаты – тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларды, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларды және бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету болып табылады.
2025 жылы оңалту орталығының қызметімен 394 адам қамтылды, соның ішінде 93-і бала.
2026 жылдың 1 шілде жағдайында орталық қызметімен 392 адам қамтылды, соның ішінде 98-і бала.