GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Әкім аппараты
Все материалы
24 сентября 2026
Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді.

2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелгеназаматтар құқылы.

Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.

Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.

17 сентября 2026
«Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі және ауылдық округ әкімі аппаратында, дербес бөлімдер мен оларға бағынысты ұйымдардың қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы ХАБАРЛАМА

Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

03 сентября 2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.

Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.

Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды.

Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған.

Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.

03 сентября 2026
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!

«Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, 2026 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 10:00-де (Астана уақыты) мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды www.e-qazyna.kz (бұдан әрі – Портал).

Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына және "жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады немесе жер учаскесін жалға алу құқығы, оның ішінде электронды түрде".

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын - 2026 жылғы 4 қыркүйек сағат 10:00-де (Астана уақыты) аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген жергілікті уақытта басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жұмыс екі күн аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Төлем алушы:"Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ; БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК); KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.

Төлемнің мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.

Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға мынадай сату объектілері қойылады:

 

 

 

 

 

4 қыркүйек 2026 жыл

 

1) Жер учаскесінің орналасқан жері- БҚО Шыңғырлау ауданы, Қарағаш а/о,

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,3818 гектар;

Нысаналы мақсаты – демалыс аймағына қызмет көрсету үшін;

Сату объектісі (құқық түрі) - жер учаскесі;

Жер учаскесінің ауыртпалығы - жоқ;

Бастапқы баға сомасы (теңге) – 17868,24 теңге

Кепілдік жарна сомасы (теңге) - 216 250 теңге.

19 августа 2026
Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

               Мемлекеттік қызметтер азаматтарға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсуде. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ алуға болады. Осы мақсатта «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі жұмыс істейді. Оның аясында маман өтініш беруші көрсеткен мекенжайға барып, қажетті қызметтерді үйде көрсетеді. 2026 жылдың жеті айында бұл мүмкіндікті шамамен 1,5 мың қазақстандық пайдаланған.

               Салыстырмалы түрде қарасақ, 2025 жылы дербес менеджер қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінген. Өткен жылы аталған сервис Қызылорда облысында ең көп сұранысқа ие болып,  оны 540 адам пайдаланған. Алматыда - 477, ал Павлодар облысында 435 адам осы сервистің көмегіне жүгінген.

                  Ал биылғы жылдың жеті айындағы көрсеткіш бойынша көшбасшылар үштігі өзгерді. Дербес менеджердің үйге баруы бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді, онда бұл сервисті 296 рет пайдаланған. Екінші орында Атырау облысы - 277 рет, ал Қызылорда облысы - 259 рет аталған сервиске жүгінген.

                    Сервисті пайдалану үшін қашықтан өтініш беріп, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті. Алдын ала берілген өтініш бойынша фронт-офис маманы азаматтың үйіне барып, кеңес береді, қажетті құжаттарды қабылдайды және мемлекеттік қызметті сол жерде рәсімдеуге көмектеседі. Мұндай формат уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және қандай да бір себептермен ХҚКО-ға өз бетінше бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

                     «Үйге баратын дербес менеджер» тарифінің құны - 7 447 теңге. Бұл сома мемлекеттік бажға жатпайды, яғни тек сервистің қызмет көрсету құны болып табылады.

                     Үйге баратын дербес менеджердің көмегімен мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болады. Алайда паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер бұл тізімге кірмейді. Себебі аталған қызметтерді алу үшін азаматтың жеке қатысуы керек және тиісті рәсімдерден өтуі қажет.

 

                     Маманның үйге келуіне өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтындағы «Азаматтарға көрсетілетін қызметтер»  «Дербес менеджердің үйге баруы» бөлімі арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, өтінішті 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өтініш беру кезінде қажетті ақпаратты толтырып, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті.

17 августа 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйек аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты, ауылдық округ әкімі аппаратының және дербес бөлімдері мен бағынысты квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

31 июля 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

ХҚКО-да күтусіз: жаңа сервис келуді алдын ала жоспарлауға көмектеседі

Орал қаласының тұрғындары «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Жаңа «Онлайн-табло» сервисі таңдалған ХҚКО-да қазіргі уақытта қай талон нөміріне қызмет көрсетіліп жатқанын көруге және келу уақытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Бұл күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді алуды барынша ыңғайлы етеді.

Сервисті пайдалану жолы:

  • «ЦОН» мобильді қосымшасын ашыңыз;
  • «Онлайн-табло» бөліміне өтіңіз;
  • қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдаңыз;
  • электрондық кезектің ағымдағы нөмірін нақты уақыт режимінде бақылаңыз.

Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді.

Онлайн-таблоның енгізілуі – цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы кезекті қадам. Бұл сервис қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

24 июля 2026
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

13 июля 2026
Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, 37-бабының 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 4-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
  2. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.Нұртазиевке жүктелсін.

 

 

 

             Аудан әкімі

М. Өмірәлиев

 

 

 

 

 

 

 

 

01 июля 2026
Хабарландыру

          Хабарландыру.

          Әсер ету скринингін қарау туралы

          Хабарландыру

          Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын туралы

          Хабарландыру

          Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын туралы

          Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігіне (бұдан әрі-ЭТРМ) стратегиялық экалогиялық бағалау (бұдан әрі-СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

           - "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылының даму және құрылыс сызбасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)"

          СЭБ материалдарын әзірлеуші: «EUROBASIS»(Евробазис) ЖШС

          СЭБ құжаттарын тапсырыс беруші: "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

          СЭБ әзірлеуге жауапты: Шыңғырлау ауданының әкімдігі.

          СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі.

          Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғалады) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

          1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

          2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

          3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырды және неге?

         4) Сізде бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

         Стратегиялық құжаттың қолдану мерзімі: 2025-2039 ж.

         Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі.

         Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылдың 2 шілдесінен бастап 2026 жылғы 16 шілдесіне дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні-2026 жылғы 16 шілде).

         Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8.

         Экологиялық саясат департаменті.

         тел: 8(7172)74-08-90, 74-02-83.

         e-mail:r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz, b.zhartybaeva.ecogeo.gov.kz

         Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде электронды мекен жайға жіберуге болады. Министірлік кеңсесінің мекен жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz

        Сіздің құжаттарыңыздың алғандығы жөнінде, кеңседе  +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылыау қажет.

        СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

        Министірліктің сайтында ("қызмет" бөлімі- "Негізгі құжаттар" бөлімі- "Стратегиялық экологиялық бағалау" бөлімі)

 

       Шыңғырлау ауданының әкімінің сайтында.

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының сәулет,

қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.

Социальные сети
Аппарат акима Чингирлауского района
Аппарат акима Чингирлауского района
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы