Құрметті Нариман Төреғалиұлы!
аудан тұрғындары және кездесуге қатысушылар!
КІРІСПЕ СӨЗ
Бүгінгі күнге аудан тұрғындарымен тұрақты кездесу жиындары өз тиімділігін көрсетіп, ауданымыздың ең өзекті мәселелерін шешудегі нақты құралына айналып отыр. Бүгін мен ауданның өзекті мәселелері бойынша және атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы қысқаша баяндап өтетін боламын.
Шыңғырлау ауданы – шағын және орта бизнестің дамуына потенциалы жоғары аудандардың бірі. Өйткені ауданнан төрт бағытта, яғни Ақсай, Ақтөбе қалаларына, көршілес Ресей Федерациясына, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолына шығуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, темір жолдың да септігі орасан зор екендігі сөзсіз.
Қазіргі таңда аудан аумағына – 8 ауылдық округ, 25 елді мекен кіреді. Жалпы тұрғындар саны – ағымдағы жылдың 1 қарашаға 13 мың 906 адамды құрап отыр.
Ауданда негізінен көгілдір отын, ұялы байланыс, жарықтандыру сияқты негізгі мәселелер оңды шешімін тапқан.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданының жалпы жер көлемі - 722 мың гектарды құрайды. Қазіргі таңда 420 мыңнан астам гектар аумақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді-мекендердің жерлері – 123 мың гектар, қалған 179 мың гектар басқа да жерлер болып табылады.
Жалпы аудан бойынша қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 559 шаруа қожалық пен жеке кәсіпкер, 12 жауапкершілік шектеулі серіктестігі және 22 өндіріс кооперативі жұмыс жасауда. Соның ішінде 31 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысады (26 шаруа қожалық – етті ірі қара малын 5 621 бас, 5 шаруа қожалық - асыл тұқымды қой өсірумен айналысады 2 114 бас).
Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтар - "Erganat Group", "Логистик Премиум", "RizyQ Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Ақсуат", "Аль Фараби", "Бауырым", Бердібай-Бекзат", "Имран", «Басурманов», «Жайдар» шаруа қожалықтары.
Ағымдағы жылбасынан жаңадан 36 қожалық ашылып, оларға пайдалануға берілген жер учаскелердің көлемі - 15 мың 717 гектарды құрайды, соның ішінде 4 мың 400 гектар егістік алқап, 11 мың 165 гектар жайылым, 152 гектар шабындық жерлер.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда 32 шаруа қожалықтары 21 мың гектар болатын жерді өз еркімен ауданның арнайы жер қорының құрамына қайтарған болатын.
Аудан тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Бүгінде ауданда мал басының өсімінде айтарлықтай өзгерістер бар. Мәселен, ірі қара малы – 54 мың 554 бас, ұсақ мүйізді мал – 51 мың 959 бас, жылқы малы – 10 мың 944 бас болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара – 16 пайызға, ұсақ мүйізді мал – 9 пайызға, жылқы малы – 20 пайызға өсіп отыр.
Аудан бойынша мал тұқымын асылдандыру бағытында мемлекет тарапынан жыл басынан 160 шаруа қожалықтарына - 444 млн 379 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Ал, жаңа техника сатып алу үшін субсидиякөлемі- 149 млн 900 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылыаудан шаруалары 20 дана трактор, 4 комбайн және 34 дана басқа да ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды. 2022-2023 жылдары шалғайдағы жайылымдарға «Erganat Grоup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Нұрсұлтан», «Айтмұхамбет», «Баянас», «Өнім», «Жасулан», «Оқас», «Табын», «Уразгалиев» шаруа қожалықтары 8 құдық қазып, электробақташы құрылғысын іске қосты.
Қазіргі таңда ауданда 145 мың тонна қысқы мал азығы дайындалып, жоспар 115 пайызға орындалды. 1 бума шөптің орташа бағасы - 4 мың теңгені құрап отыр.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударуда. Бұл бағытта аудан бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасы негізінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар бұл бағдарламаға қызығушылық танытуда. Бүгінгі танда оператор болып«Aqjaiyq»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясыбелгіленіп,аудан бойынша 76 адам – 489 млн. 635 мың теңгеге құжат тапсырса, соның 76 адамының – 489 млн. 635 мың теңгеге құжаттары мақұлданып, 65 адамға - 441 млн.185 мың теңге көлемінде несие берілді.
Жоба аясында ауданға 245 млн. 400 мың теңгеге - 310 асыл тұқымды «Сементал», «Қырдың қызыл» (Красная степная) тұқымды ірі қара аналық және 2 бұқа мал бастары алынды. Соның ішінде «Chingirlau milk» және «Шыңғырлау Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 72 бас асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малдарын сатып алды (Шыңғырлау Агро-34 бас Сементал, «Chingirlau milk» - 38 бас қырдың қызыл сиыры). Ендігі кезекте осы кооперативтер шаруашылықтарын кеңейту мақсатында қосымша жеңілдетілген несиеге құрал жабдықтар (танк салқындатқыш, сауын аппараты және т.б.) алу үшін тиісті құжаттамаларын рәсімдеуде.
Сонымен қатар, 5 жеке кәсіпкер - 55 бас тауарлы ірі қара малын, 9 жеке кәсіпкер жалпы - 448 бас қой, оның 25 басы асыл тұқымды аналық мал сатып алды.
27 жеке кәсіпкер асыл тұқымды мал сатып алған үшін субсидияға өтінім беріп 39,6 млн. теңге көлемінде субсидия алды.
«Ермағамбетов» жеке кәсіпкері - 7,2 млн. теңге несие алып, «фаст-фуд» пунктін ашу үшін киоск сатып алды. Қазіргі таңда өз кәсібін бастап, 2 жаңа жұмыс орнын ашып отыр. «Светлана» жеке кәсіпкері 8,5 млн.теңгеге ұңғыма құдық қазу құрал жабдықтарын сатып алды. Ал, «Суиндыкова» жеке кәсіпкері - 8,6 млн. теңге сомасына несие алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге және престеуге арналған жабдыққа тапсырыс берді. Жабдық келген соң өз жұмысын бастайды. Өз кезегінде «Муканова» жеке кәсіпкері - 2,7 млн. тенге несиесіне өзінің жеке учаскесіне 30 алма және 10 алмұрт отырғызды, қалған қаражатқа ірі қара мал сатып алу жоспарында бар.
Жыл санап ауданда шаруалардың егін саласына бет бұрғаны қуантарлық жағдай. Аудан бойынша 24 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудандық колледжі егін шаруашылығымен (дәнді, майлы дақылдар, біржылдық және көпжылдық шөптер) айналысады. Ал, 19 шаруа қожалығы бау-бақша егумен айналысуда. Қазіргі таңда аудан бойынша егістік көлемі 38 529 гектарды құрап отыр.(Соның ішінде: 7853 гектар дәнді дақылдар (с.і. 2022 жылдың күзінде себілген 2 546 гектар күздік дақылдар), майлы дақылдар 4 493 гектар, 3833 гектар бір және көпжылдық шөптер, өткен жылдары себілген 22 150 гектар көп жылдық шөптер, 200 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары.«Жарас» ШҚ егістік көлемі -2963 гектар с.і. күздік бидай-491 га, жаздық бидай-628 га, тары -557 га, мақсары-907 га, көпжылдық шөптер-380га;«Жаңа Жер» ШҚ егістік көлемі-2174 гектар с.і. күздік бидай-926 га, жаздық бидай-91 га, дәнді құмай-170 га, күнбағыс-307 га, мақсары-680 га;«Амангелды Агро» ЖШС егістік көлемі -1863 гектар с.і. күздік бидай-474 га, жаздық бидай-70 га, дәнді құмай-944 га, күнбағыс-375 га.)
Бүгінгі таңда шаруалармен - 7 мың 716 гектар алқапта дәнді дақылдар, 4 мың 493 гектар майлы дақылдары бастырылды. Бұл жинауға жататын жалпы дәнді дақылдары алаңның – 100 пайызын, майлы дақылдардың – 100 пайызын құрайды.
Сондай-ақ, 2023 жылы аудан тұрғындары 6 гектар аумаққа картоп, көкөніс, бау-бақша екті. Атап айтсам, Алмаз ауылының тұрғындары Мырзағалиев Танат, Айтқалиев Ержан, Бисембаев Асхат, Ащысай ауылының тұрғыны Шалабаев Серік, Ақсоғым ауылының тұрғындары Абдугалеев Саламат, Қалмұхамбетов Кенжебек, Шыңғырлау ауылының тұрғыны Рудь Петр еккен өнімдерімен ауыл тұрғындарын қамтуда. Ал, Кумысбаев Баязит Шоқтыбай ауылының маңында 1 гектар көлемінде жеміс жидек (алма, құлпынай, алмұрт) ағаштарын егіп, күтіп ұстауда.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерібағасының өсуін алдын алу және де тұрғындарға қолжетімді бағада аталған өнімдерді ұсыну үшін аудан орталығында тамыз бен қараша айларының аралығында әр сенбі күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрақты түрде өткізілді.
КӘСІПКЕРЛІК
Шағын және орта бизнес ол – кез келген елдің экономикасының негізі. Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын көтерудің, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудың бірден бір көзі. Бүгінде аудан кәсіпкерлері тұрғындарға өнеркәсіп, өндеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс, сауда, қонақ үйлер мен мейрамханалар салалары бойынша қызмет көрсетеді.
Бизнес субъектілерінен жыл басынан - 49 млн. теңге мөлшерінде салық түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан - 22 млн. теңге, жеке тұлғалардан - 27 млн теңге.
Ауданда кәсіпкерлік субъектілері санын арттыру және бәсекелестікті күшейту, аудан тұрғындарына қол жетімді тауарлармен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ИНВЕСТИЦИЯ
2022-2023 жылдары инвестиция тарту мақсатында ауданда бірнеше жұмыс атқарылды. Ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 5 млрд. 297 млн. теңге болса, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы соммасы - 4 млрд. 223 млн. теңге, қалған - 1 млрд 74 млн. теңге жеке инвестициядан.
Қазіргі таңда негізгі капиталға инвестициялар тарту аясында Шыңғырлау ауданы бойынша аудан әкімімен бекітілген меморандумға сәйкес 10 жоба жоспарланды, құны 736 млн.теңге. Ағымдағы жылдың өзінде осы жобалардың 8-і іске қосылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды. ("Ақсуат" ШҚ Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. 1 комбайн. Инвестиция көлемі - 100 млн.теңге. жұмыс орны – 1. Іске қосылды. "Елес" ШҚ Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. 1 комбайн. Инвестиция көлемі - 65 млн.теңге. жұмыс орны – 1. Іске қосылды, "Тұлпар" ШҚ Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. 1 комбайн. Инвестиция көлемі – 99,5 млн.теңге. жұмыс орны – 1. Іске қосылды. «Болашақ» ШҚ. Герефорд мал шаруашылығын кеңейту. Инвестиция көлемі – 10 млн.теңге. 20 бас алынды. Жұмыс орны 1. «KH Almaz» ШҚ қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының асыл тұқымды шаруашылығын құру, 110 бас алынды. Инвестиция көлемі – 38,5 млн.теңге, жұмыс орны 1. «Айсұлтан» ШҚ асыл тұқымды ұсақ малының өсіру, жобаның қуаттылығы 150 бас алынды. Инвестиция көлемі – 10 млн.теңге, жұмыс орны - 1. «Джалдыгулов» ЖК наубайхана ашылуы іске қосылды. Инвестиция көлемі – 10 млн.теңге, жұмыс орны 3).
«Архар-Бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылы құны – 300 млн теңгеден астам қаражатқа Самара-Шымкент тас жолының бойында жаңар-жағармай құю бекетінің құрылысын бастады. Ал, Ақбұлақ ауылында «Асқар» шаруа қожалығы құны – 50 млн теңге болатын заман талабына сай супермаркет құрылысын жүргізуде.
2023-2024 жылдары жүзеге асырылатын жобаларымызда бар. Жалпы ауданға жеке инвестиция тарту жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Биылғы жылы аудан бойынша тұрақты жұмысқа – 444 адам орналастырылып, жаңадан ашылған жұмыс орындар саны - 670-ні құрап отыр.
59 жас маман - жастар тәжірибесіне жіберіліп, 110 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жұмыс орнына (СРМ) - 19 адам қабылданып, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша - 21 тұлға жолданды. Ал, «Күміс жас» жобасы аясында зейнет жасына жақындаған 17 адам жұмысқа қабылданды.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 99 адам оқу курсынан өтіп, 79 адам сертификаттарын алған болатын.
Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жобаларды енгізу аясында шағын және орта бизнес дамыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 26 млн 40 мың теңге болатын мемлекеттік қайтарымсыз грантты бүгінде 19 тұлға иеленді (13 - көп балалы отбасыларға, 2 - мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға, 1- аз қамтылған отбасыларға, 1 - ІІІ топ мүгедектігі бар адамға (пробация қызметінің есебінде) және асыраушысынан айырылған 2 тұлғаға берілді)
Сонымен қатар, 2,5 пайызбен жастарға бизнес жүргізу үшін несие берілуде, оған 16 жас қол жеткізді. Берілген несие соммасы - 73 млн. 90 мың теңгені құрап отыр.
ҚҰРЫЛЫС
Аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған тұлғаларды үймен қамтамасыз ету мақсатында Шыңғырлау ауылында 3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда газ қосу мәселесі шешілуде. Бұдан бөлек, Республикалық бюджеттен 96 млн теңге бөлініп, аудан бойынша 10 коммуналдық тұрғын үй сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда 10 коммуналдық үй сатып алу шарттары жасақталды. Бұнымен қоса, үнемделген қаражатқа қосымша 6 коммуналдық тұрғын үйлер сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Бұл жұмыстар жүзеге асқан жағдайда кезекте тұрған тұрғындарды үймен қамтамасыз ететін боламыз.
Сонымен қатар, шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ақшат, Ардақ, Ақтау, Амангелді және Сегізсай ауылдарында екі пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалық - сметалық құжаттамалары дайын.
Одан басқа, ауданда ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Шоқтыбай ауылындағы ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, су қысымын көтеру жұмыстары жасалып жатыр. Ал, Қарағаш ауылында су құбырының қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асқаннан кейін аудан тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Аудан халқын барынша таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 5 жобалық - сметалық құжаттамалар дайындап қойдық. (Қайынды, Ұрысай, Ақсуат, Сегізсай, Ақсоғым).
Аталмыш жобаларға да қаражат бөлінген жағдайда, барлық жобалар рет-ретімен іске асырылатын болады.
Осы күнге дейін өткен тұрғындармен кездесу жиындарында аудан орталығында ауыз су мәселесі бірнеше рет көтеріліп келді. Қазіргі таңда аудан орталығындағы 3 – ші көтерілім жағдайы тұрақсыз болғандықтан Шыңғырлау ауылында жаз мезгілінде ауыз су беру кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Осы мәселені шешу мақсатында жоба құны – 507 млн теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өтті. Ендігі кезекте қаражат мәселесі шешімін тапқан жағдайда жоғарыда атап өткен жобаларды рет-ретімен жүзеге асыру жоспарымызда бар.
АБАТТАНДЫРУ
Аудан аумағында абаттандыру бойынша бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Солардың бір қатарын атап өтсем, аудан орталығындағы «астық қабылдау пункті» ауданында 275 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынса, темір жол вокзалы аумағындағы монументке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданға қарасты елді мекендерде қосымша жарық нүктелері қойылып (529 дана светодиодты шамдар мен прожекторлар), Шыңғырлау ауылында Мұратбаев және Шевцов көшелерінде ұзындығы 1,6 шақырым болатын 41 дана темірбетон тіректер қойылды. Барлық ауылдық округтерде 2 мыңнан астам тал шіліктері отырғызылды.
Сонымен қатар, Шыңғырлау ауылындағы қатты тұрмыстық қалдық төгетін орынға қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Бұнымен қоса, ауылдардағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақшат Ақтау, Шыңғырлау ауылдарында спорт алаңдары қолданысқа берілген болса, аудан орталығындағы ашық стадионды осы жылы қолданысқа беру жоспарда бар.
Ақсоғым, Шыңғырлау ауылдарында жергілікті бюджеттен балалар ойын алаңдары салынса, Алмаз, Қызылкөл ауылдарында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар ойын алаңдары салынып, қолданысқа берілді.
*****
Жоғарыда баяндап өткенімдей атқарылған істеріміз аз емес, соңғы халықпен кездесулердегі көтерілген сұрақтар да өз шешімін табуда. Солардың бірі - автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Шыңғырлау ауданы бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 344 шақырымды құрайды. Соның ішінде: республикалық жолдар – 29 шақырым, облыстық жолдар – 39 шақырым, аудандық жолдар – 276 шақырым.
2022 жылы аудан аумағындағы көлік жолдарын жөңдеу үшін нақты мердігер ұйымдар жеңімпаз болып анықталып, 10 нысанда жөндеу басталған еді. Ол жобалар бойынша қысқаша тоқталып өтсем:
1) Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық маңызы бар автокөлік жолының жөндеу жобасы. Қазіргі таңда аталмыш жолда жалпы үзындығы 49,4 шақырым құрайтын 4 жоба (12,6-17; 17-32; 32-47; 73-88) бойынша жұмыстар жүргізіліп, 33,6 шақырым жолға асфальт жабындысы төселді.
2) Сонымен қатар, Сегізсай (5 км) және Алмаз (10 км) ауылдарының кіре беріс жолдарында толықтай жұмыстар аяқталып отыр.
Өздеріңізге мәлім, аудан орталығы Шыңғырлау ауылында ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге 19 көшеде толықтай асфальт жабындысы төселініп, қазіргі таңда жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. (Қазақстан, Датов, Көкжайлау, Ақсай, Молдағұлова, Рахимова, Есқалиев, Қонақай, Бесчасов, Жуков, Казимов, Тың игерушілер, Победа, Гагарин, Өтемісов, Хамитов, Маметова, Мұратбаев, Амангелді көшелерінің автокөлік жолы. Бұл көшелердің жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер - «Ануш-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)
Жалпы жоғарыда аталған аудан орталығының 19 көшесінің көлік жолдарына күрделі жөңдеу жұмыстар кезінде 17 шақырымына асфальт жабыны төселінді. Бұл Шыңғырлау ауылының асфальт жабыны төселінген көлік жолдарының 39 пайыздан 71 пайызға дейін артқанын атап өткім келеді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта автокөлік жолдарын жөндеуді жүзеге асыру үшін келесідей жобаларға жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, сараптамадан өткізілді. Олар:
Қаражат мәселесі шешімін тапқан жағдайда жоғарыда атаған жобалар да іске асырылатын болады.
Жыл санап, күрделі істің орнынан қозғалып, жолдарымыздың ретке келтірілуі, Шыңғырлаулықтар үшін қуантарлық жағдай деп есептеймін.
Аудандағы екінші өзекті мәселеле ол – электр желілерінің тозығы жетуі. Бүгінде аудан бойынша электр желілерінің 90,3 пайызының тозығы жетіп, халықпен кездесулерде тұрғындар тарапынан осы мәселе жиі көтеріледі. Аталмыш мәселені Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған «Батыс Қазақстан облысының электр желілерін жаңғырту» бағдарламасының негізінде шешу жоспарда бар екенін атап өткім келеді. Аталмыш бағдарламаның 1 – кезеңінде ауданға қарасты Алмаз, Ақбұлақ, Қарағаш ауылдық округінің аумағындағы электр желілерін жаңарту қарастырылған. Бұл бағдарлама іске асқан жағдайда жоғарыда айтылған үш округтің ауыл аралық, ауыл ішілік желілері ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылатын болады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда өз күшімізбен электр желілерін жаңарту бағытында жұмыстанудамыз. Мәселен, жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, 3 трансформаторлар сатып алынса, Шыңғырлау ауылының ішініде 0,4 киловаттық электр желісінің 93 тіректері (опора) және Қарағаш, Ақтау ауылдарында 10 киловаттық 87 тіректер (опора) ауыстырылды.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Ауданда ағымдағы жылы көктем мезгілінде ауа-райының тез жылынып, қар суының салдарынан аудандық маңызы бар автокөлік жолдары мен көпірлердің зақымданғанын және аудан көлемінде төтенше жағдайда енгізілгенін аудан тұрғындары жақсы біледі. Төтенше жағдай салдарынан Алмаз (10 км), Жіңішке (10 км), Мырзағара (0,5 км) ауылдарының кіре беріс жолдары және де аудандық маңызы бар Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай жолы (39; 52; 105,2; 106; 107,5; 109,3; 109,8 шақырымдары) зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда бұл нысандарды ретке келтіру үшін жобалық-сметалық құжатталар жасақталып, облыстық бюджеттен 396 млн теңге бөлініп, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталғанын атап өткім келеді.
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі таңда ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. Үстіміздегі жыл тұрғындарымыз үшін табысты жыл болды деп мол сеніммен айта аламын.
Осы жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының сарабдал саясатының, құрметті Нариман Төреғалиұлы өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерінің, аудан тұрғындарының, яғни сіз бен біздің жұдырықтай жұмыла еңбек етуіміздің арқасында іске асырылып келеді.
Алдағы жоспарлы жұмыстарды іске асыруға бәріміз бір кісідей атсалысып, үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімдемін.
Назарларыңызға рахмет!