МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің қсиетті нышандарын қадірлеу-Қазақстанды Отаным дейтін, өз тағдырын және ұрпақтарының келешегін қазақ жерімен байланыстыратын барша қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті міндеттерінің бірі.
Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастыру,насихаттау мақсатында сапалы жұмыс ұйымдастыру үшін жыл сайын заңнамалар жиынтығы жинақталып барлық жергілікті мемлекеттік органдарға басшылыққа алып қолдану үшін жолданады және де құзырлы органдармен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізетіндігін хабарлайды.
Тоқсан сайын жоспарлы өткізілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолданудың жағдайын зерделеу (мониторинг) шаралары негізіндеорын алған кемшіліктердің алдын алуға орындау мерзімі көрсетіле отырып, ауылдық округ әкімдері,бөлім,мекеме басшыларына заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458-бабының 1,2,3-тармақтарында көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады»;
«Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» және «Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» - бөлім тарапынан ескерту хаттары жолданады.
Сонымен қатар, Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің қасиетті нышандарын қадірлеу-Қазақстанды Отаным дейтін, өз тағдырын және ұрпақтарының келешегін қазақ жерімен байланыстыратын барша қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті міндеттерінің бірі екендігі жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихатталып, ақпараттандыру жұмыстары жүзеге асырылады.
МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ
Ауданның медиа кеңістігінде «Серпін» аудандық қоғамдық-саяси газеті тіркеліп,қызмет жасауда. 2024 жылы БАҚ-ның тақырыптық бағыттарына жасалған талдау бойынша «Серпін» газетінің 52 номері шығарылды. Сонымен қатар, «Приуралье» газетіне- 27 мақала, «Орал өңірі» газетіне -18 мақала шығарылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ауданның тыныс-тіршілігін ақпараттандыру мақсатында 2024 жыл басынан «AQJAIYQ» телеарнасына - 173 материал түсіріліп жолданып, онын 153-і эфирге шықты. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдар ТДК-42 арнасына да шығарылды..
Барлық аудан аумағында жасалып жастқан игі істер мен іс-шаралар мемлекеттік органдардың ресми парақшалары мен «Shynmedia» ютуб каналына жариялануда.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ЖҰМЫС
Шыңғырлау ауданында ұлтаралық келісім мен ұлт бірлігін нығайту бағытында «Березка», «Марычка», «Ізге-ай» ұлттық -мәдени орталықтары түрлі жүмыстар атқарады.
Ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аталған қоғамдық бірлестіктер барлық атаулы және мемлекеттік мерекелердің өткізілуіне, мәдени шараларға, азаматтық қоғам өкілдері ретінде халықты құлақтандыру шараларына,сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар мен акцияларға; халықтың мұң-мұқтажын анықтайтын әлеуметтік сауалнамалар өткізуге; аудандағы тазалық акциялары мен қайырымдылық акцияларына белсене араласып, ұлтаралық келісімді насихаттауда.
ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Статистика департаментінің мәліметтері бойынша аудан халқының - 5022-н, яғни 39,4 пайызын жастар құрайды.
Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуына ықпалдасу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, түрлі сала мамандарымен бірлесе жастарды ұлтжандылыққа, зиянды әдеттерден қашық болуға, буллинг және кибербуллингтен сақтандыруға, кәмелетке толмағандардың заң аясындағы жауапкершілігі туралы құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары оздырылуда.
Жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру» бағыты бойынша 8 жасқа қайтарымсыз грант берілді.
2024 жылы 321 жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа- 207 жас, қоғамдық жұмысқа - 20 жас, алғашқы жұмыс орны- 14 жас, жастар тәжірибесі бойынша- 80 жас.
«Дипломмен ауылға» - 60 жас көтерме жәрдемақы алса, 17 жас маман жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алды.
ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
Аудан бойынша ана мен бала денсаулығы,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттау,отбасындағы әкелердің ролін нығайту,қыздар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында жыл басында аудан әйелдерінің деректер базасы жасақталады.
Қыз балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу; отбасындағы әкелер мен аталардың мәртебесін арттыру,үлкендерді сыйлауға дағдыландыруды көздеген "Абыройы асқақ әкелер", «Қыздарға әсемдік жарасады» т.б шаралар оздырылып,ауданымызда ұрпақтан ұрпаққа отбасы құндылықтарын жалғап отырған өнегелі отбасылар мен еңбек династиялары дәріптелуде.