Алмаз ауылдық округі аудан орталығының оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстігінде Қаратөбе ауданымен, Шығысында Ақтөбе облысының Қобда ауданымен шекаралас жатыр. Округ құрамына Алмаз, Аққұдық, Сегізсай елді мекендері кіреді, жалпы жер көлемі - 106285 га. Ауылшаруашылығына арналған жер көлемі- 15505 га. Егістік жерінің көлемі -2683 га, жайылымға арналған жер - 47 456 гектарды құрайды. Шыңғырлау ауданына дейінгі ара қашықтық -111 шақырым, облыс орталығына дейін -325, шақырым, Аққұдық ауылынан аудан орталығына дейін -95 км, Сегізсай ауылынан аудан орталығына дейін -110 км. Аққұдық ауылынан Алмаз ауылына дейін -18 км, Сегізсай ауылынан Алмаз ауылына дейінгі ара қашқытық -19 км.