Округте екі білім ошағы бар. Олардың қатарында Алмаз мектеп-бөбекжай -балабақша кешені және Сегізсай негізгі орта мектебі. Алмаз ауылындағы мектеп ғимараты 1987 жылы салынған.2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 34 мұғалім 83 оқушыға білім беруде.Мектеп жанынан ашылған балабақшада 24 бала тәрбиеленуде.Жылу беру жүйесі қалыпты жұмыс істеуде.
Сегізсай негізгі мектебі ғимараты 2014 жылы салынған.Ғимарат бір қабатты, типтік, жалпы көлемі 13000 шаршы метр, көгілдір отынмен қамтылған, жылу жүйесі бір қалыпты. Мұғалімдер саны -18, оқушылар саны -41.