Оралда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Оралда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Азаматтарды қабылдауды облыс әкімі, әкімдер, оның орынбасарлары, сондай-ақ барлық облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары және аумақтық басқармалардың басшылары бекітілген кестеге сәйкес алдын ала жазылу бойынша жүргізеді. Азаматтарды қабылдау орталығында мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жұмыс істейді.

Осы орталықта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы А.Агелеуов орталықта  2024 жылдың 15 қаңтарында, 2024 жылдың 8 ақпанында, 2024 жылдың 11 наурызында азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Орталық Орал қаласы, Сарайшық көшесі 47 үй, 1-қабат мекенжайында орыналасада.