Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алу мақсатында 2023 жылғы 21 тамыз күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Нұралиева Нұрайна Наурызғалиқызы БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма қызметкерлеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Әдеп кодексінің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның нормаларын сақтау мәселелері көтерілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері толық талқыланды.