«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
анықтама
Орал қаласы 26 маусым 2023 жыл
Талданатын объект туралы мәлімет:
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма).
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көш. №116
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының 13.05.2023 жылғы № 59 -нқ бұйрығы негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Талданатын кезең: 01.06.2022 ж – 01.06.2023
Талдау кезеңі: 26.05.2023ж -26.06.2023 ж
Басқарма 3 бөлімнен тұрады:
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспециясы бөлімі, лицензия және аттестаттау бөлімі, әкімшілік жұмыс бөлімдері.
Басқармада ведомстволық мекемелер жоқ.
Басқарманың штат саны 2022 жылы - 10 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 6-бас маман.
2022 жылы өз еркімен жұмыстан босатылған 2 қызметкерлер болды.
Таза ауысымдылық - 20% құрады.
2022 жылы тәртіптік жазаға 5 қызметкер (Тажбаев Г., Байсеуф М., Мурзабулатов А., Сейтжанов Д., Муратов М. ) тартылды.
2022 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 1 конкурс өткізілді (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы).
Жыл басынан бастап жұмыстан босатылғандар жоқ.
Таза ауысымдылық -0% құрады.
Жаңа тағайындалымдар болған жоқ.
01.01.2022-31.03.2022 ж. аралығында тәртіптік жазаға 1 қызметкер (К.Ахметов) тартылды.
Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне Басқарманың мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты мамандар, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің инспекторлары, қаржы саласы бойынша жауапты маман кіргізілді.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқармамен 2022-2023 жылдары барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 817.
Лицензиялау және аккредиттеу бойынша 2022 жылда көрсетілген қызметтер саны - 352;
Аттестациялау бойынша көрсетілген қызметі - 465.
2023 жылдың I тоқсанында көрсетілген қызметтер саны - 283.
Лицензиялау және аккредиттеу бойынша 2023 жылда көрсетілген қызметтер саны - 70;
Аттестациялау бойынша көрсетілген қызметі - 213.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2-санаттағы рұқсаттар тізбесіне, яғни «кәсіптік қызмет үшін жеке тұлғаларға берілетін рұқсаттардың 5-сыныбына жатқызылған.
Мемлекеттік қызметті алушы А.Арсенов 2023 жылғы 13 қаңтардағы техникалық бақылау мамандығы бойынша Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін Басқармаға жүгінді.
Өз кезегінде А.Арсенов өтінішке «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» қағидаларында көрсетілген тізімдер бойынша құжаттарды қоса берді.
Мемлекеттік қызметті алушы қағидада көрсетілген құжаттарды табыстауына қарамастан, Басқарма тіркелген дипломның және еңбек өтілін растайтын құжаттардың толық нұсқаларын тіркемеді деген негізбен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартты.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабының 1-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап беру қажет.
Алайда, Басқарма құжаттардың толық болмауына сілтеме жасай отырып және бас тарту себебін, атап айтқанда өтінімге бекітілген құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуін түсіндірмей, көрсетілетін қызметті алушыға негізсіз бас тартылды.
Сөйтіп, Басқарма қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуде жеке тұлғаның құқығын, заңды мүддесін іске асыруда кедергі келтіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген.
Ұсыным: жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастыру.
2022 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 82 лицензия берілді, 61 қайта тіркелді, 15 лицензияға қосымша берілді.
2023 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 10 лицензия берілді, 17 қайта тіркелді, 3 лицензияға қосымша берілді.
2022 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 156 аттестат берілді, қайта тіркеу 12.
2023 жылдың 1-тоқсанында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 71 аттестат берілді, қайта тіркеу 6.
2022 жылы Басқармамен 66 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 39 нұсқама берілді, 102 әкімшілік іс қозғалды.
2023 жылдың 3 айына Басқармамен 10 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 7 нұсқама берілді, 31 әкімшілік іс қозғалды.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.
ӘҚБтК-тің 802-бабыны 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздер болып табылады.
Алайда, «STROYCONSALTING» ЖШС-не тексеріс жүргізілмей, ӘҚБтК-нің 312-бабының 1-бөлігімен 7 әкімшілік өндіріс қозғалған.
Сөйтіп, Басқарма қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолданбауы салдарынан «STROYCONSALTING» ЖШС-не қатысты сот шешімімен әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық құрамы тоқтатылды.
Жүргізілген бакылау материалдарын зерделеген кезде 01.01.202Зж. дейінгі редакциядағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әpi - Кодекс) жэне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020ж. №162 бұйрығының (бұдан әpi - Бұйрық) талаптары бұзылғаны анықталды.
Кодекстің 152-бабы 1-тармағынын 2-тармақшасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайларда, оларды жою туралы нұскама жасалады.
Алайда 8 тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылыктар анықталғанына қарамастан, нұсқамалар берілмеген (2227000002200032/00016, 2227000002200032/00017, 2227000002200032/00022, 2227000002200032/00018, 2227000002200032/00025, 2227000002200032/00052, 2227000002200032/00064, 2227000002200032/00069).
Кодекстің 152-бабының 8-тармағына сәйкес, тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мepзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт тексерілетін субъектіге тапсырылуы тиіс.
«Фирма ПРИУРАЛЬЕ» ЖШС-не қатысты тағайындау туралы тексеру мepзімі 2022 жылгы 14 желтоқсаннан 22 желтоқсанға дейін белгіленген, тексеру cyбъектісі тексеру нәтижелері туралы aктімен уақтылы таныспаған.
Ұқсас тәуекелдер «Cepik» ӨЖК» ЖШС -не (№56 акт), «ПСК Юго-Восток» ЖШС-не (№49 акт) катысты тексерулер бойынша орын алған.
Мұндай бұзушылыктарға Басқарма қызметкерлерінің тексеру нәтижелері туралы aктіні тексеру мерзімдері, аяқталған соңғы күні жұмыс уакытынан тыс уақытга жасауы себеп болып табылады.
Мысалы, тексеру нәтижелері туралы акт пен тексеру бойынша нұсқаманы «Тасқала ауданы ТУКШЖКжАЖ бөлімі» ММ 19 желтоқсанда сағат 22:37-де жасаған, актімен 19 желтоқсанда таныстырған, бұл жайт күмән туғызады және қол қою кезінде өтіп кеткен күн көрсетілгенін айғақтайды.
Осыған ұқсас 7 факт анықталды (№№22270000022000З2/00065, 2227000002200032/00062, 2227000002200032/00050, 2227000002200032/00045, 2227000002200032/00038, 2227000002200032/00036, 2227000002200032/00005).
Сондай-ақ, мәліметтерді тексерілетін субъектілердің объектілерінің біріңғай тізіліміне (бұдан әрі-ТСОБТ) толык ұсынбау фактілері анықталды.
Айтар болсақ, ic козғауға себеп болған бірде-бір тексеру бойынша тексерудің аяқталғаны туралы талонда жауапқа тартылғандар туралы мәлімет көрсетілмеген.
Бұйрықтың 24-тармағына сәйкес мәліметтердің шынайылығын, тұтастығын, объективтілігін және ТСОБТ-ға уақытында енгізілуін қамтамасыз ету тіркey және есепке алу cyбъектісінің бірінші басшысына, сондай-ак профилактикалык бақылау мен кадағалау жүргізуге жауапты тұлғаға жүктеледі.
№ l -П карточкаларының, тексеру туралы талоннын және талон хабарламаның деректемелерін тексеруді жузеге асыратын адам толтыруы тиіс.
2023 жылдын өткен кезеңіне жоспардан тыс 30 тексеру тағайындалған және тіркелген.
Кодекстің 152-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы бұзылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 нұсқама берілмеген (№№232700000220003200013,2327000002200032/00008,2327000002200032/00016, 23270000022 00032 /00015).
«Әсем-Құрылыс-Кызылорда» ЖШС тексеру нәтижелері туралы aктімен уақтылы таныстырылмай, тексерілетін cyбектінің кұкықтары бұзылган (№20 акт).
Актілер тексеру аякталған соңғы күнінің жумыс уақытынан тыс уақытта жасалған (2327000002200032/00006, 232700000220003200017); 8 тексеру бойынша (барлык козғалган әкімшілік хаттамалар бойынша) ТСОБТ мәліметтерінің дұрыстығы қамтамасыз етілмеген.
Тексеру нәтижелері туралы акт нысаны Кодекстің 152-бабы 1-тармағының тәртібімен бeкітілген.
Алайда Басқарма бакылау субъектілеріне бекітілмеген нысандағы тексеру нәтижелері туралы кұжаттарды беруді жалғастыруда.
Кодекстің 4-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекттік органдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделу және (немесе) оларды кабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін актілері мен шешімдері, сенім білдіру кұкығы Казақстан Республикасының заңдарымен корғалатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәттіппен заңсыз әpi жарамсыз деп танылады және куші жойылуға жатады.
«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді карау нәтижелері туралы» есеп мәліметтеріне сәйкес а.ж. өткен кезеңінде Басқарма 33 (2022 жылы - 62) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, онын 26 (2022 жылы - 55) бұзушылық бойынша - 10 млн 494 мың 900 теңгеге (2022 жылы 173 млн 136 мың 607 тенгеге) айыппұл салынған.
Өңдірілгені - 10 млн 253 мың теңге немесе 98% (2022 жылы 173 млн 136 мың теңге).
Сөйтіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергі келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.
Ұсыным: Жауапты қызметкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастыру.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс салығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2022 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
Басқарманың 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 79 665,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 99,9 % құрады.
Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында орналасқан 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алғашқы жоспарында (09.01.2023ж.) қаржыландыру жоспарындағы көрсеткіштен, 2022 жылға арналған №4-20 шығыстар бойынша жинақтық есептен 984,4 мың теңгеге ауытқу анықталды.
Сөйтіп, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруда мемлекеттік сатып алу үшін 984,4 мың теңгеге қаражат негізсіз артық көрсетілген.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Басқарманың 12.12.2022 жылғы №215-нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.
«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының (бұдан әрі - қағидалар) 243,337,355-тармақтарын бұза отырып, Басқарма материалдық емес активті – «1С-бухгалтер» автоматтандырылған бухгалтерлік есеп бағдарламасын есепке алуды (есепке қою) жүзеге асырмағаны анықталды.
Бұған қарамастан, 2022 жылы «Seven Hills» ЖШС-мен 428,0 мың теңгеге бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау туралы №7 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Көрсетілген фактілер Басқарманың 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №215-нк бұйрығымен құрылған түгендеу комиссия мүшелерінің формалды жұмыстарын куәландырады.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №3932 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары бар екені анықталды.
Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес 01.01.2023 жылға артық төлем 24,5 мың теңгені (оның ішінде салықтар бойынша 23,1 мың теңге, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша – 1,4 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша берешек – 25,2 мың теңге) құрағаны анықталды.
Салықтарды артық төлеу сомасы 23,1 мың теңге сомасында болашақ төлемдер есебіне есепке жатқызу не мекеменің есеп шотына қайтару жолымен сәйкестендіруге жатады, басқа міндетті төлемдер бойынша 1,4 мың теңге сомасында ұстап қалу жүзеге асырылған тұлғалар бөлінісінде реттеуге жатады.
25,2 мың теңге көлеміндегі берешек бюджетке төленуге жатады.
Мақсатсыз бюджет қаражатын жұмсау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беруі мүмкін.
Ұсыным:
Талданып отырған кезеңде Басқарма жалпы сомасы 10502,1 мың теңгеге 51 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:
1) Баға ұсыныстарын сұрау 1 865,8 мың теңге сомасына 24 сатып алу;
2) бір көзден 1 694,7 мың теңге сомаға 6 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;
3) электрондық дүкен 3 075,0 мың теңге сомасына 3 сатып алу;
4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 2 754,0 мың теңге сомаға 15 сатып алу.
5) Рамалық келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі 1112,6 мың теңге сомаға 3 сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Басқарма Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің 79, 89-баптарын бұза отырып, 6 хабарламалар бойынша арыз 6epyшінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді камтитын негізделген және түпкілікті жауаптарды бермеген.
Мәселен, О.Г.Асланованың заңсыз кұрылыс туралы хабарламасын қарау кезінде арызды карау мерзімі бірнеше рет ұзартылып, 60 жұмыс күні қаралған (11.11.2022 ж. №ЗТ-2022-02650046).
Карау нәтижелері бойынша арыз берушіге түпкілікті, негізделген және жауап берілмеген.
Осыған ұксас №№ ЗТ-2022-02685004, ЖТ-2О22-О2684950/1, ЖТ-2022-02708815/2, ЖТ-2022-027427515, ЖТ-2022-02518057 хабарламалар бойынша қарау мерзімдері бұзылған.
Сөйтіп, Басқарма қызметкерлері өтініштерді қарау барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергі туғызу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген.
Ұсыным: Басқарманың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау нәтижесі қаржы, мемлекеттік қызмет көрсету, әкімшілік өндіріс жүргізу және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілгенін көрсетті.
Көрсетілген тәуекелдер жауапты мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қажет екендігін көрсетіп отыр.
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасының
басшысының м.а. А.Мурзаболатов
Жұмыс мүшелері:
Мемлекеттік сәулет құрылыс
инспекциясы бөлмінің басшысы М.Бердигалиев
Лицензиялау және аттестаттау
бөлімінің бас маманы С.Карменова
Әкімшілік жұмыс бөлімінің
басшысы С. Ражитова
Бас маман-кадр А. Хангереева