«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

 

Орал қаласы                                                                         05 қыркүйек 2025 жыл

 

Талданатын объект  туралы мәлімет:

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма).

Мекенжайы: БҚО,  Орал қаласы, Х.Чурин көш. №116

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының 25.07.2024 жылғы № 150/1-нқ  бұйрығы негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:

  1. Мурзабулатов Алихан Казекеевич –Лицензия және аттестаттау бөлімінің басшысы
  2. Муратов Магжан Махамбетович – Мемлекеттік сәулет құрылыс инспециясы бөлімінің басшысы
  3. Ражитова Слухия Сериккалиевна - Әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы
  4. Хангереева Анара Ерболатовна - Әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы

Талданатын кезең: 01.05.2024 ж – 01.08.2025

Талдау кезеңі: 01.08.2025 ж – 31.08.2025ж.

Басқарма 3 бөлімнен тұрады:

Мемлекеттік сәулет құрылыс инспециясы бөлімі, лицензия және аттестаттау бөлімі, әкімшілік жұмыс бөлімдері.

Басқармада ведомстволық мекемелер жоқ.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Басқарманың штат саны 2024 жылы - 11, накты саны- 11 адам.

Басқарманың штат саны 2024 жылы - 11 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 7-бас маман. 2024 жылы  өз еркімен жұмыстан босатылған  1 қызметкерлер  болды.Таза ауысымдылық – 9,09 % құрады.  2024 жылы тәртіптік жазаға 2 қызметкер (Агелеув А.М., Муратов М.М.) тартылды. 2024 жылдың аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 1 конкурс өткізілді (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы).

1 бас маман (бос мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымы) жаңадан тағайындалды.

2025 жылы Басқарманың штат саны 12  бас маман бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 8 - бас маман. Накты саны - 11 бірлік, оның ішінде 1 - басқарма басшысы, 3 - бөлім басшысы, 7 - бас маман. 2025 жылғы 8 айда өз еркімен жұмыстан босатылған  4 қызметкерлер  болды. Таза ауысымдылық – 33,33 % құрады. 2025 жылғы 8 айда тәртіптік жазаға 2 қызметкер (Д.Н. Өтепқалиева, Муратов М.М.) тартылды. 2025 жылғы 8 айдын аралығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 5 конкурс өткізілді (мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 3 бас маманының бос лауазымы, әкімшілік бөлімінің 1 басшысы және 1 бас маманы )

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Басқармамен 2025 жылы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.

Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 460.

Лицензиялау бойынша 2025 жылда  көрсетілген қызметтер саны - 180;

Аттестациялау бойынша  көрсетілген қызметі -  276.

Жобаларды басқару (жобаларларды басқару жөніңдегі ұйымдарды аккедиттеу) бойынша барлық көрсетілген қызмет саны – 4.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады.

2024 жыл бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 35 лицензия берілді, 61 қайта тіркелді, 10 лицензияға қосымша берілді.

2025 жылда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 31 лицензия берілді,53 қайта тіркелді, 4 лицензияға қосымша берілді.

2024 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 57 аттестат берілді, 7 қайта рәсімделді.

 2025 жылда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларға 74 аттестат берілді, 5 қайта рәсімделді.      

 2024 жылы Жобаларды басқару (жобаларларды басқару жөніңдегі ұйымдарды аккедиттеу)  1 аккредиттеу туралы куәлік берілді.

 2025 жылда жобаларды басқару (жобаларларды басқару жөніңдегі ұйымдарды аккедиттеу) 4  аккредиттеу туралы куәлік берілді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

2024 жылдың 01 мамырдан бастап 2025 жылдың 28 тамыз аралығында Басқармамен 95 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 190 әкімшілік іс қозғалды.

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының 10.07.2025 жылғы № 2799-25-00-4а/199 қаулысына сәйкес, Басқарма мамандарымен Н.М.  Боранкуловқа қатысты «БҚО, Орал қаласы, Б.Момышұлы көш., №4 мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы» объектісі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 29.11.2024 жылғы № 128 нұсқама беру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) талаптарын сақталмаған және де аталған нұсқама заңсыз деп танылған.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 6-тармағының 3) және 9)-тармақшаларына сәйкес, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:

  • бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
  • бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.

ӘРПК-нің 80-бабы 1-бөлігінің 5)-тармақшасына сәйкес, жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актіде лауазымды адамның қолы көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген нұсқамаға сәйкес, бас маман - Е.К. Сайнов, бас маман - К.С. Ахметов, бас маман – М.Т. Бердигалиев, бөлім басшысы – М.М. Муратов тексеріс жүргізген лауазымды тұлғалар болып табылады.

Алайда көрсетілген Заңнамалар талаптарын бұза отырып нұсқамаға бас маман- Е.К. Сайнов қол қойған.

Сондықтан, тексеруді жүргізген барлық тұлғалардың қолтаңбаларының болмауы нұсқаманың жарамсыздығына әкеледі.

Осыған ұқсас тәуекел Басқармамен И.Л. Солтыхановқа қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеріс кезінде орын алды.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 15.07.2025 жылғы № 2794-25-00-4/521 шешіміне сәйкес, Басқарма мамандарымен «БҚО, Орал қаласы, Мендалиева 16 мекенжайы бойынша коммерциялық ғимарат құрылысы» объектісі бойынша И.Л. Солтыхановқа қатысты 18.10.2024 жылғы № 117 бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы беру барысында Қазақстан Республикасының заңнамалар талаптары бұзу фактілері анықталды.

  Жоғарыда көрсетілген нұсқамаға сәйкес, бас маман - Е.К. Сайнов, бас маман - К.С. Ахметов, бас маман – М.М. Муратов, бөлім басшысының м.а. – М.Т. Бердигалиев тексеріс жүргізген лауазымды тұлғалар болып табылады.

Алайда көрсетілген Заңнамалар талаптарын бұза отырып нұсқамаға бөлім басшысының м.а. – М.Т. Бердигалиев қол қойған.

Сондықтан, тексеруді жүргізген барлық тұлғалардың қолтаңбаларының болмауы нұсқаманың жарамсыздығына әкеледі.

Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Басқарма қызметкерлеріне алдағы уақытта Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы түсіндірілді.

       «Уәкілетті  органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді карау нәтижелері туралы» есеп мәліметтеріне сәйкес 2024 жылыдың 1 мамырынан бастап 2025 жылдың 28 тамазы аралығында Басқармамен 190 әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік хаттамалар толтырылып 56 млн 612 мың 836 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның өндірілген соммасы – 53 млн 378 мың 766 теңгені құрады немесе  94,3% құрайды.

 Ұсыным: Басқарма қызметкерлері арасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту ұйымдастыру.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.

Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.

25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс салығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.              

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.

Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2025 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.

Басқарманың 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 8 149,7 мың теңге қарастырылды.

Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.

Басқарманың 27.12.2024 жылғы № 215-нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ. Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2024 жылы Басқарма жалпы соммасы 5 039,4 мың теңгеге 45 мемлекеттік сатып алу жүргізді. 2025 жылдың 8 айында  Басқарма жалпы сомасы 11 090,6 мың теңгеге 50 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

1) Баға ұсыныстарын сұрау 3 504,7 мың теңге сомасына 16 сатып алынды;

2) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 307,1 мың теңге сомаға 6 сатып алынды;

3) электрондық дүкен арқылы 5 967,6 мың теңге сомаға 23 сатып алынды;

4) бір көзден сатып алулар 1 311,2 мың теңге 5 сатып алынды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау КР-ның Әкімшілдік рәсімдік-процестік кодексіне   сәйкес жүргізіледі.

2024 жылда Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 761 өтініш келіп  түстi, бұл 2023 (690) жылдың ұксас кезеңімен салыстырганда 10%-ға көп.  2025 жылдың 8 ай ішінде  Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 781 өтініш келіп түстi

Өтініштердің басым  бөлігі сәулет-құрылыс  құқықтық катынастары туралы  мәселелерді кұрады.

Сондай-ақ, өтініштерді карастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің  іс-әрекетіне шағымдану  фактілері болмады.

Талдау кезеніне БАҚ-тагы және басылымдар мен жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Баскарманың қызметкерлеріне катысты жағымсыз материалдар анықталган жок.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау нәтижесі қаржы, мемлекеттік қызмет көрсету, әкімшілік өндіріс жүргізу  және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілгенін көрсетті. 

Көрсетілген тәуекелдер жауапты мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қажет екендігін көрсетіп  отыр.  

 

БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылау басқармасының

басшысы                                                                            А.Антазиев               

 

Жұмыс мүшелері:

 

Лицензиялау және аттестаттау

бөлімінің басшысы                                                           А.Мурзабулатов

 

Мемлекеттік сәулет құрылыс

инспекциясы бөлмінің басшысы                                    М.Муратов

         

         

Әкімшілік жұмыс бөлімінің

басшысы                                                                            Ф.Зейнуллина

         

Бас маман-кадр (еңбек демалысы)                                А.Хангереева

 

 

Дата публикации
05 сентября 2025