2023 жылғы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының  мемлекеттік сәлет құрылыс-инспекциясы бөлімімен 2023 жылдың  ІІІ тоқсан  кезеңінде атқарылған жұмыс туралы есеп

 

МСҚИ бөлімімен 2023 жылдың өткен кезеңінде Elicense.kz электронды порталы арқылы құрылыс объектілерінің тапсырысшыларынан 790 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 63 хабарлама мемлекеттік электрондық тізілімнен алынып тасталынды.

ХҚКО ЫАЖ электронды порталы арқылы 711 объектіні пайдалануға қабылдау актілері қарастырылды.

Мемлекеттік сатып алу электронды порталы мердігерлік ұйымдардың/депозитарийдің жұмыс тәжірибесіне қатысты 130 өтініш қаралды.

E-Qurylys біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы техникалық қадағалаушы сарапшылардан объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы 2143 есеп келіп түсті.

Жоспардан тыс тексеріс тағайындалды – 64.

Бұзушылықты жоюға 33 нұсқама берілді, 17 – орындалуда.

Сонымен бірге, 2023 жылдың  1 қыркүйекке дейін Бөліммен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың 490 өтініші қарастырылды.

МСҚИ бөлімімен 110 әкімшілік іс қозғалды. 36 807 900 тг. көлемінде айыппұл салынды. Олардың 47 әкімшілік істерді қарастыру үшін сот органдарына жолданылды.

2023 жылғы 28 сәуірдегі Бөрлі аудандық сотның қаулысымен ЖК «Давлетшина Р.Ф.» ӘҚтК-нің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылып, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, С.Датұлы 35/1 мекенжайы бойынша орналасқан заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, 103 500 тенге көлемінде айппұл салынды.

2023 жылғы 20 қыркүйектегі Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен аз. Шайхиева Д.Е. ӘҚтК-нің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылып, БҚО, Орал қаласы, Ружейникова 9/1 мекенжайы бойынша орналасқан заңсыз тұрғызылған көп пәтерлі тұрғын үйді мәжбүрлеп бұза отырып, 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен бірге, Бәйтерек ауданының №2 сотының 25 сәуірдегі қаулысымен, техникалық қадағалауды жүргізетін ұйым, «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС ӘҚтК-нің 317-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, 1 690 500 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

2023 жылғы 26 қыркүйектегі Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен, техникалық қадағалауды жүргізетін ұйым, «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС ӘҚтК-нің 317-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, 2 415 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 5 сәуірдегі және 2023 жылғы 18 сәуірдегі БҚО бас құрылыс инспекторының қаулыларымен құрылыста авторлық қадағалау жүргізетін сарапшылар Мурзагалиев З.С. және Ишанбеков Б.Ш.  ӘҚтК-нің 317-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтатылды.

 

Дата публикации
03 октября 2023